Пресс-досье на 13. 08. 2013 года Политические новости Тың өзгеріс екеніне дау жоқ



бет1/13
Дата26.06.2018
өлшемі385,05 Kb.
#45019
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Пресс-досье на 13.08.2013 года
Политические новости
Тың өзгеріс екеніне дау жоқ

13.08.2013



Ауыл, қала әкімдерінің алғашқы сайлауы серпінмен өтті. Оған барлығымыз да немкетті қарай алған жоқпыз, елеңдеп отырдық. Себебі, елді мекендерде ауыл әкімдеріне көп мәселе байланысты. Әр тұрғын өзінің басын ауыртқан жағдайын Президентке, Үкіметке, облыс әкіміне тікелей барып айтпайды ғой. Ауыл әкімі мемлекет саясатын әр адамға жеткізуші, дәнекер. Сондықтан ауылдастар алдымен ауыл әкіміне жүгінеді.

Сайлаудан бұрын да осы лауазымға лайықты жандар тағайындалып жүрді. Ал мына демократиялық қадам қоғамды серпілтіп тастады әрі аттың белін тартқандай, ауыл әкімдерінің жауапкершілігін тағы бір нықтап қойды. Ауыл, қала, поселке әкімдерінің сайлауы елге келіп жатқан жақсы өзгеріс екенінде дау жоқ. Тұрғындар мұны біліп отыр. Әр үміткер өз бағдарламасын жасады, халық сайлаған депутаттар олардың барлығымен танысты. Әр бағдарламада ауыл-селоны көркейтудің тамаша үлгілері болғанына менің сенімім кәміл. Біздің Қостанай ауданында 40 кандидаттан аудандық мәслихат депутаттары 20 әкімді таңдап алды. Барлығы да қолынан іс келетін азаматтар.
Барлық көкейкесті мәселелерді дербес және жауапкершілікпен шешуге мүмкіндік туды

13.08.2013



Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев сенбі күні өткізген брифингте еліміздегі әкімдер сайлауының алғашқы қорытындылары жария етілді. Оған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де қатысты.



2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жергілікті өзін-өзі басқаруды күшейте отырып, өңірдегі проблемаларды жергілікті жерде шешетін барлық әкімдерді сайлау мәселесіне баса көңіл бөлген болатын. Осыған қатысты А.Әбибуллаев: «Бұл Мемлекет басшысының тәуелсіз Қазақстан өмірі мен жергілікті өзін-өзі бас­қа­ру институтын нығайту про­цесіндегі ең маңызды тарихи және саяси шешімдерінің бірі», деді.
Қоғамдық-саяси ұйымдар еліміздегі басқару және әкімшілендіру жүйесін реформалау ісін қолдайды

13 Тамыз 2013



Мемлекет Басшысы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады. Кездесуде Бауыржан Байбек партияның «Қазақстан – 2050» Стратегиясын түсіндіру және іске асыру жөніндегі жұмысы, «Нұр Отан» ХДП XV съезіне дайындық барысы және саяси Доктрина жобасын әзірлеудің аяқталғаны туралы баяндады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет