Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пән: «Философия» Дәріс-презентация №2 Сана және бейсаналық Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна
Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы
Сана және бейсаналық
Сана және бейсаналық
1.Сана мәселесі 2.Өзіндік сана және ұлттық өзіндік сана. Қазақстандағы рухани жаңғыру 3.Ойлау және тіл 4. Бейсаналық мәселесі
Сана ұғымы
Сана – дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Ол адамға ғана тән бас миының қасиеті
Адамзаттың ойлау мәдениетін-де сана ұғымы «жан», «ақыл», «парасат», «рух» туралы түсініктермен байланысты.
Адам санасының орны философия тарихында космоцен-трлік, теоцентрлік, антропоцен-трлік тұрғыдан қарастырылды.
Сана туралы екі философиялық тұжырымдама
1.Идеалистік тұжырымдама.
1.1) Объективті идеализм бойынша, адам санасы - дүниежүзілік рухтың бөлшегі, өнімі немесе басқа түрдегі болмысы (Гегель).
1.2) Субъективті идеализм бойынша, сана – бұл өзі туралы түсінігі бар, өз-өзіне жетікілікті және дүниенің субстанциясы бола алатын адамның қасиеті (Р.Декарт, Дж. Беркли).
2. Материалистік тұжырымдама: сана материяның туындысы, адам миының объективтік шындықты бейнелеу қабілетінің даму нәтижесі. Бұл көзқарастың дәлелі ретінде Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы қолданылады. Дене өлгенде сана да жойылады.
Сана - онтологиялық мәселе ретінде
Онтологиялық жағынан: сана — бұл адам болмысында қалыптасатын, адамның тіршілік әрекетінің ерекше түрі, оның объективтік шындықпен өзара қатынас-тарының өнімі.
Сананың биологиялық негізі, субстраты – адамның бас миы.