Презентация №50 Абай атындағы орта мектеп



Дата26.11.2016
өлшемі20,86 Kb.
#2554
  • (презентация)
  • Қазір студенттердің 35,7%-і темекі шегеді.
  • Темекі - заңды түрде қолдануға болатын есірткі түрі.
  • Темекі түтінінің құрамында 12 000-ға жуық заттар мен химиялық
  • қосылыстар бар. Оның 196-ы улы және 14-і наркотик тәріздес.
  • Темекінің химиялық құрамы
  • Мөлшері
  • Диоксид көміртегі
  • 45—65 мг
  • Монооксид көміртегі
  • 10—23 мг
  • Оксиды азоты
  • 0,1—0,6 мг
  • Бутадиен
  • 0,025—0,04 мг
  • Бензол
  • 0,012—0,05 мг
  • Формальдегид
  • 0,02—0,1 мг
  • Ацетальдегид
  • 0,4—1,4 мг
  • Метанол
  • 0,08—0,18 мг
  • Синильдік кислота
  • 1,3 мг
  • Никотин
  • 0,8—3 мг
  • көмірсулар
  • 0,0001—0,00025 мг
  • Ароматты амины
  • 0,00025 мг
  • N-нитрозоаминдер
  • 0,00034—0,0027 мг
  • Темекі түтініне ерекше «аромат» пен «дәм» беру үшін адам зәрінің құрамына
  • кіретін урина дейтін химиялық компонент қолданылады…
  • Темекінің шығу тарихы – темекі Еуропа мен Азияға 15 ғасырда келген. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланылып жүрген. Ресейде темекі тарту дағдыға айналып, кең етек жайған мезгіл – 
  • Петр І патшалық еткен кез.
  • 1492 жылы 12 қазанда Христофор Колумб белгісіз аралдың (қазірАмерика) жағалауына келіп тоқтағанда арал тұрғындары қонақтарға күнге кептірілген бүктеулі жапырақ ұсынады.Олар оны «петум» деп атаса керек. Колумбтың екінші саяхатынан соң табак дәні бірінші Испанияға, содан бүкіл жер бетіне тарап кеткен. Табактың кең таралуы – оның тәуелділік тудыру қасиетінде.
  • 1970 жылы АҚШ президенті Никсон темекі қорапшаларында ескерту жазуларды қолдануды міндеттейтін және темекі өнімдерінің жарнамаларын телеарналарда жүргізуге тыйым салу туралы заңға қол қойды.
  • Салмағы 16-20 келі итке бір тамшы, жылқыға 7-8 тамшы никотин берсе, олар бір минуттың ішінде-ақ өліп қалады. Адамды да бір тамшы никотин сеспей қатырады.
  • 1 тамшы никотин 10-12 тал сигаретте болады.
  • Сұрақ: СОНДА НЕГЕ АДАМДАР БІРДЕН ӨЛІП КЕТПЕЙДІ?
  • Темекі түтінінде никотин иіс газы, көгерткіш қышқыл,аммиак, формальдегид, т.б. зиянды заттар көп. Пәле (рак) ісігін асқындыратынбензопирен ерекше зиянды болып табылады. Шылым шегетіндер шылым шекпейтіндерге қарағанда пәле аурымен (өкпе 10 есе, көмей 6-10 есе,өңеш 2-6 есе) жиі ауырады. Олардан басқа өкпенің созылмалы қабыну,туберкулез, тыныс демікпесі ауруларына жиі ұшырайды. Шылым шегуші өзіне ғана емес, сондай-ақ айналасындағыларға да зиянды. Шылым шегілген бөлмеде бір сағат болған адам шылым шеккендей уланады. Бір адамның шылым шегуі көп адамды уландырады. Шылым шегуден әйелдер мезгілінен ерте қартайып, жүкті кезінде әр түрлі ауруларға жиі ұшырайды. Халықаралық санақ мәліметіне қарағанда шылым шегетін әйелдерден туған балалардың арасындағы өлім шылым шекпейтін әйелдерге қарағанда 40 пайызға жоғары.
  • Никотин қан тамырларының түйілуіне және олардың ішкі қабықшасының өзгеруіне себепші болады. Мұндайда қантамырлардың саңылауы тарылып, қан айналымы қиындайды, дене мүшелерін оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз ету және олардан зат алмасудың зиянды өнімдерін әкету нашарлайды. Шылым шегушілер арасында көп тарааған ауру- стенокардия, мұнда жүрек қан тамырлары кеудені қатты ауыртатын әлсіздік пен ажал қатерін туғызатындай оқтын-оқтын түйілуі мүмкін. Стенокардия көбіне жүректің ауыр жарақаты миокард инфарктігеәкеліп соғады. Шылым шегушілердің басқа бір әдетті ауруы- ұстамалы ақсастық (эндартериит). Мұнда адам бірнеше ғана қадам жасап үлгереді, ал содан кейін бір немесе екі аяқ та ұйып, кенет ауырады. Тоқтаған соң бірнеше минуттан кейін ауырсыну басылады, бірақ әрі қарай жүруге ыңғайланғанда қайта пайда болады. Сөйтіп, осылайша жалғаса береді. Шылым шегу адам денесінің жетілу мүмкіндіктерін әжептәуір шектейді. Никотин дене күшін және бұлшықет сезімінің өткірлігін кемітіп, қимыл үйлесімділігін, шапшаңдықты және әсіресе төзімділікті нашарлатады. Спорт пен темекі бір-біріне қарама-қайшы.
  • Ас қорытуға
  • Асқа деген тәбетті қайтарады.
  • Ас қорытуды қиындатады.
  • Тісті сарғайтып, ауызды сасытады.
  • Асқазанда жара пайда болады.
  • Ерін, тіл және өңеш рағына жол ашады.
  • Тыныс алуға
  • Жөтел және қақырық пайда болады.
  • Созылмалы тыныс жолдары қабынуына әкеліп соқтырады.
  • Көмекей және өкпе рагына тап болушылардың 90 пайызының себебі темекіден.
  • Қан айналымына
  • Тамырды қатайтады (атересклероз).
  • Қол, аяқ тамырлары бітеді, гангрена (тән талшықтарының жансыздануы, шіруі) пайда болып, қол – аяқ кесіліп, кемтарлыққа дейін апарады.
  • Миды қамдайтын тамырларды да қатайтып, салдануға себепші болады.
  • Жүрек ауруларына, әсіресе жүрек бұлшық еті инфарктіне (жүрек ұстамасы) қолайлылық туғызады.
  • Басқа да зардаптары
  • Есте сақтау қабілетін азайтады.
  • Көңілсіздікке душар етеді.
  • Ұйқыны азайтады.
  • Теріге әжім түсіреді.
  • Темекі тартатындардың төңірегінде темекі тартпайтындар да уланып, мазасызданады.
  • Ер - әйелдің жыныстық тәбетсіздігінің басты себептерінің бірі.
  • Өте ескерусіз келе жатқан және бір зияны, темекінің өртке себепші болуы.
  • Темекіні шеккеннен кейін
  • Күніне тартылған 20 темекі жылына 300 рет түскен рентгенмен тең.
  • Адам15 жыл бойы темекі шексе қаза болу қаупі төнеді.
  • АҚШ темекі өндірісінен әлемде алғашқы орында. Бірақ Американың өзіне қарағанда, басқа елдер американдық темекілерге толы.
  • Франциядағы антитемекі бағдарламасынан кейін темекі тартушылар саны 2 млн адамға азайған.
  • Анлияда темекі тартуға кеткен уақыт үшін жалақыдан ақша ұстап қалады екен. 
  • Дания қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салған. Сингапурде темекі тартқан адамға 500 доллар штраф, әрі темекі өнімдеріне жарнама жоқ.
  • Финляндияның дәрігерлері бір күн – 17 қараша, темекішілер жұмысқа темекісіз келуін белгілеген.
  • Жапонияның Ваки қаласынның шешімімен, айына 3 күн темекісіз деп жарияланған.
  • Ал Қазақстанда ше?
  • Қазақстанда тек фильтрленген темекі сатуға рұқсат берілген.
  • Темекі құрамындағы никотиннен басқа ең күшті улы заттар: аммиак, көміртегі оксиді, концерогенді көмірсутектер, радиоактивті элемент полоний 20, темекі қарамайы, мышьяк, калий. Фильтр осы заттардың 20 пайызын ғана ұстап тұрады.
  • 20 минуттан соң жүрек соғысы реттеледі, дене температурасы темекі тартпайтындармен теңеседі.  8 сағаттан соң қандағы көміртегі диоксидінің 95 пайызы тазарады.  24 сағаттан соң жүрек талмасының қауіпі азаяды, сау адамның жағдайына жақындайды. 2 күннен кейін дәм мен иіс сезу қалыпты жағдайға көшеді. 3 күннен кейін тыныс алу жақсарады. 3 айдан соң өкпе 30 пайызға артық (жақсы) жұмыс істейді. 1 жылдан соң жүрек ауруының қаупі 50 пайызға азаяды.  10 жылдан соң өкпе рагіне шалдығу қаупі ешқашан темекі тартпаған адамдікімен теңеседі.  15 жылдан соң жүрек пен қан қысымы ешқашан темекі тартпаған адамдікі қалпына түседі. 
  • Темекіні тастағаннан кейін
  • Әрбір тартылған шылым өмірді 15 минутқа қысқартады. 13 секунд сайын темекі шегу салдарынан пайда болатын аурудан бір адам қайтыс болады, ал бір жылда – 2,5 млн адам қайтыс болады.
  • ҚОШ САУ БОЛЫҢЫЗДАР.
  • САБАҚ АЯҚТАЛДЫ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет