Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды:
Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қаталдығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны өз еліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында;
Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физиологиялық-биохимиялық және биологиялық жауабы. Адренологиялық-биохимиялық әсер етеді;
Алдағы уақытта күйзелісті болдырмайтын, оның неше түрлі себептерін жоюға арналған іс-әрекет (мінез-құлық)
Сезім жөнінде түсінік
Сезiм - бұл адамның қоршаған болмыс заттары жəне құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған əрқилы формада көрiнiс беретiнтолғаныс, күйзелiстерi. Адам сезiмi тiршiлiк үшiн керектi де пайдалы қасиет. Толғаныссыз өмiр - өшкен өмiр. Ұлы ғұлама Ə. Науаи "Сезiмсiз адам - кесек, махаббатсыз адам – есек", - деген екен. Көп сезiмдерге адамның өзi құштар. Егер сол сезiмдер қандай да себептермен болмай қалса, адам "эмоциялық ашырқауға" келiп, оның орнын толтыру үшiн əн-күй тыңдайды, əсерлi фильмдер көрiп не қым-қиғаш оқиғалы кiтаптар оқиды.