Презентация Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі



бет4/6
Дата09.01.2022
өлшемі0,72 Mb.
#110472
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЕП 19-15к Есіркеп Балжан Пр

Сезімнің пайда болу себептері


Сезімнің негізгі пайда болу себептеріне мыналар жатады:
  • адамның объектiге қатынасын айқындайтын қажеттiлiктер;
  • адамның осы нысанның тиiстi қасиеттерiн түсiнiп, оны санада бейнелеу қабiлеті.

  • Объектив жəне субъектив жағдайлардың өзара байланысынан адамның қоршаған дүниеге саналы баға беруiмен қатар жеке эмоционал көз-қарасының себептерi ашылады. Сезiмдердiң өзiндiк ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрiнедi

Сезімнің негізгі ерекшеліктері

  • Сезiмдердiң өзiндік ерекшелiгi олардың қарама-қарсылықты сипатынан көрiнедi. Мұндай сипат қарапайым əсерленуге де (рахаттану-қысылу), сондай-ақ күрделi толғаныстарға да (ұнату-жеккөру, қуаныш-мұң, көңiлдi-қайғылы т.б.) тəн.
  • Сезiмдерге ғана тəн аса маңызды сипат - олардың бiрiгiмдi (интегралды) келуi. Сезiм бүкiл дененi билеп, адам кейпiн ерекше əсерге бөлейдi. Барша дене қызметтерiнiң басын бiр сəтте бiрiктiрумен сезiм өздiгiнен организмге пайдалы не зиян əсердiң хабаршы қызметiн атқарады. Сезiмдiк сигнал əсер орны мен дененiң жауап əрекетi айқындалмай жатып та санаға жетуi мүмкiн.
  • Сезiмдердiң жəне бiр маңызды ерекшелiгi - олардың денедегi тiршiлiк

  • əрекеттермен тiкелей байланыста болуы. Сезiм ықпалынан адамның iшкi тəн қызметi өзгерiске түседi: қан айналымы, дем алыс, ас қорыту, iшкi жəне сыртқы секреция бездерi. Шектен тыс ұзақ уақыт жəне қарқынды болған көңiл-күй толғаныстары организмдi сырқатқа шалдықтырады: қорқыныш - жүрек ауруларына соқтырып, ашу - бауырды, жабырқау мен мұң - асқазанды бұзады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет