Ақыл-ой сезiмi адамның таным əрекетiмен байланысты. Сезiмнiң бұл түрi -балалардың оқып бiлiм алуға, ересектердiң өз қызметiне, шығармашылық пен өнерге деген көңiл-күй қатынасы. Адамның шындықты тануға деген ақыл-ой сезiмi ең алдыментаңданудан басталады.
Эстетикалық сезiм - объектив шындықты бейнелеп, оның əсемдiгi мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенiм-дiлiгiн қабылдап, оған əсерленудегi көңiл-күй. Əсемдiктiқабылдап, оған сүйсiну, лəззаттанып, рухани күшiн арттыру сезiмi - адамның өмiр тiршiлiгiнде бiртiндеп қалыптасатын жағдай. Əсемдiктi қабылдау туа пайда болмайды.