Күні: 10.12.2016 ж.
10 «Ә» сыныбы
Тарих пәнінің мұғалімі Жаханова Роза Макулбековна
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Алаш қозғалысының көсемдері»
Әлихан Бөкейхановтың туғанына - 150 жыл
Міржақып Дулатұлының туғанына – 130 жыл
Мақсаты: Оқушыларға Алаш мемлекетінің құрылуы, бір туар алаш арыстарының тарих сахнасынан ерекше орын алатындығы жайлы қосымша мағлұмат беріп, оқушылардың бойына адамгершілік, патриоттық сезім ұялату, қоғам азаматын қалыптастыру.
Түрі: тарихи оқулар
Көрнекілігі: презентация, бейнебаян
Жоспары:
1. «Әлихан – ұлт көшбасшысы» (Шайкенова Малика)
2. «Әлихан – Алаш қозғалысының көсемі» (Ондасынова Томирис)
3. «Алаш арысы – Міржақып Дулатұлы» (Төкенова Айсулу) эпиграф:
Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын...
Әлихан Бөкейханов
Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы - тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз.
Әлихан Нұрмұхамбетұлы Бөкейхан- адамзат баласының тарихында сирек кездесетін тұлға. Әлихан- төрткүл дүниені дүр сілкіндіріп өткен Шыңғыс ханның 23-ші ұрпағы-Төре тұқымынан бола тұра, Қасым хан, Абылай хан, Бөкей хан, Кенесары сынды халық ақ киізге көтеріп, хан тағына отырған емес- оның заманы өтіп кетті. Қазақ халқының тарихында Шыңғыс ханның кейінгі ұрпақтары қарама-қайшы- екіұшты рөл атқарды: бір жағынан, алғашқы кезеңде олар көшпелі ру-тайпалардың бірігіп, жаңа және қуатты қазақ мемлекетінің құрылуына ұйытқы болса, екінші жағынан- олардың билік үшін ішкі күрес-тартысы салдарынан «қазақ»этнонимді құрағанымен де, бірегей халық, ұлт болып толық пісіп-жетілмеген халықтың Орта, Ұлы, Кіші жүздер ретінде «үштік одаққа»бөлініп бытырауына түрткі болып, ақыр соңында бірінің соңынан бірін орыс империясының отарлығына душар етті. Міне,соңғы жайтты терең зерттеп білген Әлихан: «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!»-деп ертеден-ақ халқы алдында серт беріп, сол сертіне ақырғы демі біткенше адал болып өтті. Бірақ өзінің шыққан тегін мақтан тұтты, шыққан тегінің абырой-намысын көзінің қарашығындай қорғады және атақты хан-сұлтандардың тікелей ұрпағы екенін сезініп, халқына кіршіксіз де шексіз қызмет етуді, Алашына қамқор болуды өзінің өтпес-өтелмес борышы, ер-азаматтық парызы санады.
Алаш қозғалысы — ХХ ғасырдағы Ресей империясының отарлық билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс. Сол кездегі қазақ қоғамы дамуының күн тәртібінде қазақ халқының ұлт ретінде жоғалуы, не өзін-өзі сақтауы үшін күреске шығу мәселесі тұрды.
XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал.
Достарыңызбен бөлісу: |