Презентация, бейнебаян Жоспары: «Әлихан ұлт көшбасшысы»



бет4/6
Дата02.07.2018
өлшемі7,73 Mb.
#45513
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Ғылыми еңбектері

XIX ғасырдың соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады.

1896 жылы ол көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды.

Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.

1904  жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.

1911-14 жылдары Әлихан Бөкейхан «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.

Франция төрінен сүйінші хабар жетті. Яғни, Париждегі ЮНЕСКО Атқарушы кеңесінің 196-шы сессиясында 2016-2017 жылдары Ұйымның қатысуымен аталып өтетін ағартушы тұлғаларға арналған еске алу-мерейтой шаралары мен тарихи және мемлекеттік маңызы бар айтулы мерекелер Қазақстан үшін де олжалы болды. Үстіміздегі жылдың қараша айына белгіленген ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясында қабылдау үшін жіберілген ұсыныстар ішінде 2016 жылы қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жылдығын ЮНЕСКО көлемінде атап өту жайы қарастырылып отыр.

Қуанышты хабар Алаш қайраткерлерінің ғұмыр жолын зерттеп, ұлт мүддесі жолындағы еңбектерін паш етуде көптеген істерге мұрындық болып жүрген Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы үшін де маңызды оқиғаға айналды. Партия төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев  мұның барша қазаққа маңызы зор үлкен жеңіс екендігін атап өтті. Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығының ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуіне себепкер болған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет, рухани даму институтының директоры, белгілі тарихшы ғалым Сұлтанхан Аққұлұлы еді.


ІІ – оқушы: «Әлихан – Алаш қозғалысының көсемі»

1917 жылы шiлде-тамыз айларының өлi арасында Жалпықазақтық I құрылтай шақырылып, "Алаш" партиясы тарих сахнасына шықты. "Алаш" партиясының ұлттық ұстанымы бес түрлi тұжырымға негiзделдi. 


Бiрiншi ұстаным: жер, жер және жер. Жерсiз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: "Қазақтың байырғы жерiн қашан қазақтар өз бетiнше ғылым мен техникаға сүйенiп толық игермейiнше, жер жеке меншiкке де, қоныстанушыларға да берiлмейдi".
Яғни бұл ұстаным: Жер - Отан, ал Отанды сатуға да, жеке меншiкке айналдыруға да болмайды. Сол жер үшiн әр қазақтың намысы жыртылып, ол жерге әр қазақтың терi мен қаны төгiлген - деген тұжырымға саяды.
Екiншi ұстаным: жердiң астындағы, үстiндегi, аспанындағы барлық игiлiк қазақ мемлекетiне қызмет етуi керек. Ә.Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бiр түйiр тасы әр қазақтың өңiрiне түйме болып қадалу керек» болатын. 
Яғни бұл - өз жерiнiң игiлiгiн - әуелi өз елi игiлiгiне айналдырсын, одан асса ғана жатқа салауат - деген емеуiрiндi танытады.
Абай данышпанның:
Өздерiңдi түзелер дей алмаймын,
Өз қолыңнан кеткен соң
ендi өз ырқың, -
дегенiндегi "ырық" - осы ырық.
Жердiң астына, үстiне, аспанына иелiк ете алмасаң - ырықтың кеткенi сол емес пе?!.
Үшiншi ұстаным: Ә.Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерiнде өндiрiлген» бiр уыс жүн сол мемлекеттiң азаматтарының үстiне тоқыма болып киiлуi" керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсiздiк пен бiрлiкке қол жеткiзуге ұмтылуы тиiс едi.
Тағы да сол Абай:
«Бiрлiк - ақылға бiрлiк, малға бiрлiк емес. Малыңды берiп отырсаң: атасы басқа, дiнi басқа, күнi басқалар да жалданып тiрлiк қылады. Бiрлiк сатылса - антұрғандықтың басы осы. Ағайын алмай бiрлiк қылса керек», - дегендегi бiрлiк - осы экономикалық бiрлiк.
Ал бiздегi сатылмайтын құндылық - тек «жалданып тiрлiк құру» ғана болып қалды.
Төртiншi нысана: қазақ мемлекетiнде мемлекет құрушы ұлттың тiл, дiн, дiл үстемдiгi болуы керек, яғни Х.Досмхамедовтiң пайымдауына жүгiнсек, «ұлттық мәдениет үстемдiгi сақталуы» тиiс болатын.
«Келгенде Жиенқұлға шықпайды үнiм,»
- деп Сара ақынның сал Бiржанға қарата айтқанындай, бұл үш мәселеге келгенде, бiздiң де үнiмiз шықпайды. 
Егер қоғамның дамуы осы бетiмен кете берсе, күнi ертең бiз «Құранды» да орыс тiлiнде оқитын боламыз. 
Бесiншi, түпкi мақсат: тәуелсiз ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негiзделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру едi.

Әлихан Бөкейханов - ұлттық саясаткер. Ұлт тәуелсiздiгi жолында ықпалы тиетiн барлық мүмкiндiктi пайдалануға мәжбүр. Ал 1905 жылы ұлттық автономия, патшаны тақтан түсiру, конституциялық демократия орнату, бұратана ұлттарға - нәсiлiне, дiнiне қарамастан азаттық беру, өзiнiң даму жолын анықтауға ерiк беру мәселесiн кiм көтердi? Кадет партиясы көтердi. Ендеше, "бұратана ұлттарға - нәсiлiне, дiнiне қарамастан азаттық беру, өзiнiң даму жолын анықтауға ерiк берудi" мақсат етiп қойған саяси партияның құрамына Әлихан Бөкейханов неге кiрмеуi тиiс? Конституциялық демократия партиясы өзiнiң күрес жолына: адамға адам - бауыр, дос, бiрiң - бәрiң үшiн, бәрiң - бiрiң үшiн, нәсiлдiк, ұлттық, дiндiк, әлеуметтiк теңдiк, азаматтық қоғам сияқты тура өзiмiз ұрандатып өскен коммунизмнiң принциптерiн негiзгi етiп алды. Мiне, сол мақсатқа жету үшiн Әлихан Бөкейханов кадет партиясына өттi. Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркi халықтарының ұлт зиялылары да топтасты. Соның нәтижесiнде Ресей мұсылмандарының бiрiншi құрылтайын ұйымдастыруға мүмкiндiк алды.



Сол құрылтайда көтерiлген жасыл тудың шылауымен 1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өткен I Бүкiлресейлiк мұсылмандар құрылтайына Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ғ.Әлiбеков, К.Жәленов, Ғұбайдолла және Дәулет ишандар, У.Танашев пен Ш.Бекмұхамедов қатысты. Бұл құрылтай Ресей бодандығындағы мұсылмандарды ғана бiрiктiрiп қойған жоқ, сонымен қатар тәуелсiз республика туралы мәселе ашық мiнбеде көтерiлген тұңғыш бас қосу болды.
Ә.Бөкейханов ресми түрде кадет партиясынан шықты.
Өйткенi бұл кезде қазақ арасында дербес партия құру мәселесi толық пiсiп-жетiлген едi. Ә.Бөкейханов өзiнiң бұл шешiмiн: кадет партиясының мақсаты - ұлттық автономия жариялауға қарсы болғандықтан да, Алаш идеясына сәйкес келмегендiктен де, оның құрамынан шығамын - дедi.
Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық аутономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.
«Алаш» қозғалысы жетекшісінің іс-қимылы мен рөліне қазақтың қазіргі заманғы тарихында алғаш рет, 1920 жылдары осылай баға берілді. Қошмұхаммед Кемеңгерұлы (Қошке Кемеңгеров) «Қазақ тарихынан» деп аталатын тарихи очеркінде: «Үкiметтiң қара қуғын жасаған күндерiнде айдауына да, абақтысына да шыдап, ел үшiн басын құрбан қылған ат төбелiндей ғана азамат тобы болды. Бұл топты баулыған – Әлихан», – деп жазды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі саясаткерлердің бірі, тарихшы, журналист, жазушы және драматург Қошмұхаммед Кемеңгерұлы бұл очеркін 1922 жылы аяқтап, 1924 жылы Мәскеудегі СССР халықтарының орталық баспасынан шығарды. Совет өкіметінің қуғын-сүргініне ұшыраған Әлихан Бөкейхан өмірінің соңғы 15 жылын осы Мәскеуде өткізіп, Кремльдің жіті бақылауында болған еді.

Әлихан Бөкейхан қазақтарды руға да, жүзге де жіктемеді, әлеуметтік мәртебесіне де, біліміне қарай да бөле-жармады. Қазақты біртұтас халық ретінде көргісі келді. Осы орайда ол ұсынған Алаш атауы ұлтты ұйыстыруға мұрындық болатын тамаша идея болып шықты. Бұл идеяны Әлихан Бөкейхан Алаш қозғалысы пайда болғанға дейін-ақ әрдайым айтып жүрген еді. Сонау 1910 жылдың өзінде-ақ «Қазақтар» деп аталатын тарихи очеркінде қазақтардың соғыс ұраны «Алаш деген мифтік тұлға» екенін атап өткен болатын.



1913 жылы жазған «Қазақтың тарихы» деп аталатын мақаласында Алаш атауына тереңірек тоқталып, Алаш атауының астарында «жетекші» деген мағына жатқанын айтады. «Жошы ханды халық «Алаш» деп атап кетті. Бұл «Алаштың – алаш жұртының басшысы» екенін білдіреді» деп жазады «Түрік баласы» («Қазақ», 1913, № 7).


1914 жылы оның серіктестері әрі достары, сол кезде Орынбор қаласында шығып тұрған «Қазақ» газетінің бас редакторы мен орынбасары – Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлы «газет бетінде үкіметке қарсы мақала жариялады» деген желеумен тұтқынға алынды.

Бұл уақиғаны жеделхат арқылы білген Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетінің келесі нөміріне «Ұят!» деген мақала жариялап, Алаштың біртуар азаматтарына қолдау көрсетті. Өзінің де Самара губерниясында айдауда жүргеніне алты жыл болғанына қарамастан «Алаш» көсемі пікірлестеріне тілекші екендігін осылайша танытты.

«А.Н.Радищев... абақтыға жабылып, 10 жылға Сібірге айдалды. Оның замандасы, тағы бір газетші, Еуропаға жол ашқан Н.И.Новиков Шлиссельбург бекінісінде 15 жылын өткізді. Ахмет және Міржақып бауырларым! Сендерді қамаған түрме – Радищев пен Новиков отырған түрме. Ресейде ең болмағанда бір рет тұтқында болмаған саналы адамдар санаулы-ақ. Достоевский, Потанин, Короленко, Чернышевский, Морозов сынды жазушылар да түрмеде отырды.... Салтыков, Герцен, Пушкин, Лермонтов, Тургеневтер айдауға кетті...

1917 жылы қараша айында өткен Құрылтай жиналысының сайлауында қазақтардың басым көпшілігі «Үш жүз» партиясын емес, «Алаш» партиясын қолдады, сөйтіп «Алаш» партиясы 43 депутаттық мандатты иеленді.

Алаш партиясы Қазан төңкерісінің қарсаңында Ресейдегі елуге жуық партияның ішінде сегізінші орында тұрған еді.
Әлихан Бөкейханның адамшылығы, қайраткерлігі мен кісілік қасиеттерімен ерекшеленді. Ол пікірлестері мен жолдастарының еңбектерін қай уақытта да орынды бағалай білді.
«Азамат Ә.Н.Бөкейханов 1922 жылдың 14 желтоқсанынан 1927 жылдың 1 қазанына дейін Мәскеудегі ССРО халықтары орталық баспасының Қазақ секциясында әдеби қызметкер болып жұмыс істеді», – деп жазылған Әлихан Бөкейханның осы баспадағы жұмысына қатысты пікірде.

1937 жылдың шілде айында тұтқындалғанға дейін Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан 10 жыл бойы Мәскеуде үй қамағында болды. Туған еліне барар жол ол үшін жабылған болатын. Осыған қарамастан ол отандастарымен хат жазысып тұруға тырысты. Сәрсен Аманжоловтың мұрағатында ғайыптан сақталып қалған оның бірден бір хаты 1934 жылы жазылған екен.



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета Ресей ФСБ-ның мұрағатында құжат ретінде сақталған. (Мәскеу, ақпан, 1995 жыл)

1937 жылы атылып кеткенде, қызы Елизавета мен немересі Ескендірге Мәскеудің коммуналдық пәтерінен бір бөлме мен кітаптар, фотоальбом, бірқатар қолжазбалары, сондай-ақ, қазір Алматыда өмір сүретін немере туысының қолында сақтаулы тұрған насыбай шақша ғана қалды.
Әлихан Бөкейханға да, оның қыздарына да, немересі Ескендірге де ата-баба жерінен топырақ бұйырмады. Барлығы Мәскеуде жерленді. Тек таяуда ғана Алаш көсемінің күйеу баласы, 1920 жылдардағы ірі мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов денесінің күлі Мәскеуден Астанаға әкелінді. Бірақ әлі күнге дейін оны қайда жерлеу мәселесі шешілмей отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет