3. Әрбiр бала азаматтық алуға құқылы



Дата28.03.2020
өлшемі35,54 Kb.
#60965
24-бап

      1. Әрбiр бала нәсiлiне, түр-түсiне, жынысына, тiлiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтусiз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы.


      2. Әрбiр бала туғаннан кейiн дереу тiркеуден өткiзiлiп, есiмi қойылуы тиiс.
      3. Әрбiр бала азаматтық алуға құқылы.
      Конституцияға сәйкес баланы, Қазақстан Республикасының кез келген азаматы сияқты нәсiлiне, түр-түсiне, жынысына, тiлiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтуге болмайды. Ұлттық заңнама баланы отбасында, қоғамда және мемлекетте қорғауды көздейдi.
      "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңға сәйкес балалардың тууын тiркеу баланың туған жерi бойынша немесе ата-анасының не олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша жүргiзiледi. Әкесi қайтыс болғаннан кейiн немесе неке бұзылғаннан кейiн, тастанды және тауып алынған, сондай-ақ, медициналық мекемелерде ата-аналары туған кезде бас тартқан кез келген бала тiркеуге жатады. Азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбiн мiндеттi түрде сақтай отырып, сондай-ақ, елi туған бала мен өмiрiнiң алғашқы аптасында шетiнеген бала тiркеледi. Ата-аналар немесе басқа да осыған уәкiлеттi адамдар туу туралы арызды азаматтық хал актiлерiн жазу органдарында бала туған күннен бастап екi айдан кешiктiрмей, ал бала өлi туған жағдайда - бес тәулiк iшiнде жасауы тиiс.
      "Неке және отбасы туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Заңның 55-бабында және "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңның 9-бабында баланың аты, әкесiнiң аты және тегiн алуға, оның даралық ерекшелiкке құқығы белгiленген. Балаға ата-анасының келiсiмi бойынша ат қойылады, аты-жөнi әкесiнiң аты бойынша, ал тегi ата-анасының тегiмен айқындалады. Ата-анасының тегi әртүрлi болған жағдайда балаға ата-анасының келiсiмi бойынша әкесiнiң немесе анасының тегi берiледi. "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңның 11-бабына сәйкес бала туған кезде ата-анасының екеуi де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жерiне қарамастан немесе 12-бапқа сәйкес бала туған кезде ата-аналарының бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда баланың азаматтығы анықталады. Ата-анасының екеуi де белгiсiз Қазақстан Республикасы аумағындағы баланың азаматтығы, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты тұрғылықты жерi бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы аумағында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Қамқоршы белгiленген бала немесе оны асырап алған ретте Қазақстан Республикасының азаматтығын өзi кәмелетке толғанға дейiн сақтайды.
      Бала құқығы және оны отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан қорғау шаралары " Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы ", "Неке және отбасы туралы", " Бiлiм туралы ", "Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы", " Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулғын сақтау туралы ", " Денсаулық сақтау жүйесi туралы " Қазақстан Республикасының заңдарында көрiнiс тапқан.
      Конституцияға сәйкес балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi.
      Отбасынан айырылған балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi тиiстi органдар мен Ұйымдардың мiндеттерi Азаматтық кодексте, " Неке және отбасы туралы ", " Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы ", "Бала құқықтары туралы", " Азаматтық туралы ", " Тұрғын үй қатынастары туралы " Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетiлген.
      Баланың атын, ұлтын және азаматтығын алу құқығы "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Заңда көрсетiлген.
      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ата-анасы болмаған жағдайда, оларды ата-ана құқығынан айырған жағдайда және ата-ана қамқорлығынан айырылудың басқа да жағдайларында баланың отбасында тәрбиелену құқығын осы Заңның заңнамада белгiленген тәртiппен қорғаншы және қамқоршы орган қамтамасыз етедi.
      Қазiргi уақытта республикада 159 мемлекеттiк және мемлекеттiк емес бiлiм беру ұйымдары бар, онда 14 мың 799 баланың тұруы және тәрбиеленуi үшiн барлық қажеттi жағдайлар жасалған. Алайда, психологтар мен педагогтардың көптеген зерттеулерi баланы интернаттық үлгiдегi мекемеге орналастыру оның негiзгi қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз етпейдi, бұл өз кезегiнде, баланың жеке қабiлетiнiң бұзылуына әкеледi. Интернаттық мекеме жағдайында баланың әлеуметтiк дамуы, әдеттегiдей, отбасының, жақын адамдарының және достарының жоқтығынан шектеледi. Жетiмдер ата-анасының әрекетiне қарап, өз мiнез-құлқын түзеу мүмкiндiгiнен бала кезiнен айырылған. Сондықтан да балалар үйiндегi және интернаттардағы бiр жақты ғана ортада болу осы балаларда төмендетiлген өмiрлiк стандарттарды қалыптастырады.
      Жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшiн отбасы жағдайына барынша жақындату мақсатында балалар үйлерi мен интернат мекемелерiн институционалдандыру, оларды ықшамдау жөнiнде айтарлықтай жұмыстар жүргiзiлуде. Бүгiнде отбасы үлгiсiнде жұмыс iстейтiн балалар үйiнде балалар 8-10 адамнан құралған, өзара туыстық қатынастармен, бауырмалдықпен және достықпен байланысқан топтарда тұрады.
      159 ұйымның iшiнде отбасы жағдайының негiзгi келбетi мен ерекшелiктерi тән 6 отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы, 3 SOS-Балалар қалашықтары, 25 отбасы үгiсiндегi балалар үйi жұмыс iстейдi.
      Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-демографиялық саясатының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi бүгiнде интернаттық мекемелерде тәрбиеленетiн балалардың санын азайту болып табылады.
      Мемлекеттiң қолдауын қажет ететiн балаларға баламалы қарау қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, асырап алу негiзiнде отбасылардың асырап алуымен жүзеге асырылады. Олардың негiзгi мақсаты ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларды туған отбасында тiршiлiк жағдайымен қамтамасыз ету болып табылады. Тәрбилеудiң осындай нысанын белсендi дамыту балаларды әлеуметтендiру және қазiргi заманғы қоғамға олардың еркiн кiрiгу проблемасын шешуге мүмкiндiк бередi, ол осы балалардың бұдан арғы өмiрiне оң ықпал етедi.
      Талдау көрсеткендей, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың басым көпшiлiгi қорғаншылық пен қамқорлықта. Қазiргi уақытта 31305 бала қорғаншылар мен қамқоршыларда тәрбиеленуде.
      Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиелеудiң жаңа нысандарын дамыту үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 11 наурыздағы N 306 "Патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесiн бекiту туралы" қаулысы қабылданды.
      Қазiргi уақытта патронат отбасыларда 1791 бала тұрады. Патронаттың басты басымдығы сол бала отбасының түсе отырып, толық күтiмге, қамқорлыққа ие болады, отбасында тұрудың белгiлi бiр тәжiрибесiн, дербес өмiр сүрудiң дағдыларына ие болады.
      Бұл нысан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған көптеген балалардың бұдан арғы тағдырын нақты жоспарлауға мүмкiндiк бередi, кейiннен патронат тәрбиешiлердiң асырап алуының алғы шарты болып табылады.
      Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарының бiрi асырап алу болып табылады. Асырап алудың негiзгi мақсаты ата-ана қамқорлығынан айырылған балалардың туған отбасындағы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады.
      "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы қабылданған сәттен бастап 28 038 жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар асырап алынған.
      Балалар құқықтарын қорғау және ынталандыру - балалар халықтың ерекше тобы болып табылатындықтан Адам құқықтары жөнiндегi уәкiл қызметiнiң маңызды басым бағыты. Оның маңыздылығы ана мен бала туралы 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясының, 1966 жылғы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактiнiң, 1966 жылғы экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактiнiң, 1989 жылғы Бала құқығы туралы конвенцияның, сондай-ақ балалардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселелерiмен айналысатын мамандандырылған мекемелер мен халықаралық Ұйымдардың жарғылары мен тиiстi құжаттарының нормаларымен анықталған.
      Осы баптың ережелерiн iске асыру жөнiндегi Республиканың неғұрлым толық есебi Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны iске асыруы туралы екiншi және үшiншi жиынтық мерзiмдi баяндамада ұсынылған.
      Қазiргi уақытта Парламент депутаттары "Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстiң жаңа жобасын талқылауда.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет