Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Презентация дегеніміз не?
Презентацияның артықшылықтары қандай?
Слайдта мәтіннен басқа не болады?
Презентацияның қызметі не?
Презентация құру этаптарын ата.
Презентацияны бастау үшін қолданылатын командалар тізбегі қандай?
Программа интерфейсі элементтерін сипатта.
Программа менюіне не кіреді?
Мақсаттар аумағын сипатта.
Құрылым аумағын түсіндір.
Белгілер аумағы мен жағдай жолы қызметін түсіндір.
Жұмыс істеу режиміне мысал келтір.
ІІ деңгей тапсырмалары
Төмендегі суретте бейнеленген экран элементтерінің сәйкес атауларын көрсет.
Керек сөздер: Программа менюі, Құжатты ашу батырмасы, Пішімдеу панелі, Жағдай жолы, Программаны жабу батырмасы, Режимді таңдау батырмасы, Презентация атауы, Структура аумағы, Міндеттер аумағы, Редакцияланатын слайд, Жазбалар аумағы
ІІІ деңгей тапсырмалары
Программа менюінің командаларын бөлшектеп қарастырыңыз.
______________________________________________________________________
Топтық жұмыс.
Сынып 3 топқа бөлінуі тиіс. Әр топ алма - кезек программа интерфейсіндегі элементтерді сипаттайды. Қай топ көп элементтерді айтса, сол жеңеді.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |