Дәрігер бөлімшеде, науқастарды тексеру барысында, ауру тарихына немесе нұсқау қағазына осы емделушіге қажетті дәрілерді, олардың мөлшерін, енгізу санын және жолдарын жазады. Палаталық медбике нұсқауларды іріктеп, тағайындалған дәрілерді дәптеріне көшіреді. Егу туралы деректерді, оларды орындайтын процедура мейірбекесіне береді. Поста немесе ем жасайтын бөлмеде тағайындалған дәрілердің тізімі орыс тілінде бөлімшенің аға медбикесіне беріледі. Белгілі формада, латын тілінде, 2 данада жазылған, бөлім меңгерушісінің қолы қойылған дәріханадан дәрілерді алуға арналған талап ету құжатын аға медбике толтырады.
Улы және есірткілік дәрілер, сонымен қатар, этил спиртіне талап ету құжатын бөлек бланкіге, 3 данада латын тілінде жазады. Осы талап ету құжаттарына ЕАМ-нің бас дәрігері немесе оның емдеу жөніндегі орынбасарының мөрі басылып, қолы қойылады. Аса тапшы және қымбат дәрілерге арналған талап ету құжаттарынада, емделушінің аты-жөнін, ауру тарихының нөмірін, диагнозын көрсетеді, Аға медбике дәріханада дәрі-дәрмектерді аларда олардың тапсырысқа сәйкестігін тексеріп отырады. Дәріханада жасалған дәрілік формаларда бір түсті этикеткалар болуы керек: сыртқы қолдануға арналған дәрілер – сары түсті, ішкі қолдануға арналған дәрілер – ақ түсті, парентералды жолмен енгізілген дәрі – көк түсті. Этикеткаларда дәрілердің анық атаулары, концентрациялары, мөлшері, даярлау мерзімі және осы дәрілік фораларда фармацевтің қолы болуы керек.