Наркозға арналған дәрілердің жіктелісі
Ингаляциялық наркозға арналған дәрілер
|
Ингаляциялық емес наркозға арналған дәрілер
|
1.Ұшқыш сұйықтықтар:
Наркозға арналған эфир
Фторотан (галотан)
Метоксифлуран (пентран)
Наркозға арналған трихлорэтилен (трилен)
Энфлуран
Изофлуран
Десфлуран
Флороксен
2.Газ тәрізді заттар:
Азот тотығы
Циклопропан
|
1.Барбитурат туындылары:
Тиопентал-натрий
Гексенал
Метагекситал
2.Барбитурат емес препараттар:
Пропанидид
Натрий оксибутираты
Кетамин
Предион
Альфаксолон
Этомидат
Пропофол
|
Ингаляциялық наркоз дәрілері, ингаляциялық жолмен жоғары тыныс органдары арқылы қолданылады.
Ингаляциядан басқа жолмен қолданатын наркоз дәрілері, олар бұлшық етке, венаға тік ішекке қолданады.
Ингаляциялық наркоз дәрілері :
Эфир – Б – тізімі флаконда 100 мл шығады. Түссіз, ұшқыш сұйық зат, өзіне тән исі бар, тез жанады, оттегі мен қосылса жарылады. Дымқыл сәуле, жылудың әсерінен бөлінеді. Жабық қоңыр флакондарда шығады.
Эфирдің кемістік қасиеттері :
1. Жоғары тыныс органдарының шырын қабығын тітіркендіреді.
2. Рефлекторлық жолмен тыныс алуды тоқтатуы мүмкін
3. Резорбтивтік әсері – орталық жүйке жүйесін күйзелтеді.
Осы кемшіліктеріне қарамай практикада кең қолданылады.
Себебі : 1. Наркотикалық белсенділігі жоғары
2. Наркотикалық кеңістігі үлкен
3. Эфир наркозы жақсы басқарылады
Наркоз кезеңдері :
І. Анальгезия – мәңгіру кезеңі. Аурудың бірте – бірте есі кете бастайды.
Мәңгіру кезінде кейбір аурулардың есі болуы мүмкін, бірақ көп сұрақтарға дұрыс жауап бермейді. Бұл кезең 1 – 2 минутқа созылады. Бұл кезеңде тез жасалатын операциялар жасалады.
ІІ. Қоздыру кезеңі. Аурудың қимылы көбейеді, қан қысымы көтеріледі, жүректің соғуы жиілейді, көздің қарашығы үлкейеді. Бұл кезеңде аурудың есі болуы мүмкін. Сондықтан операция жасауға болмайды. Өйткені көп асқынулар осы кезеңде болуы мүмкін. Рефлекторлық әсері сопақша мидың жауапты орталықтарын қоздырады.
ІІІ.Наркоз кезеңі. Аурудың бұлшық еттері босайды дем алысы жақсарады. Қан қысымы жүрек соғуы қалпына келеді, көздің қарашығы кішірейеді, жарыққа әсер етеді.
IV. Ояну кезеңі Егер наркоз дәрілерін беруді тоқтатса, ауру наркоздан 20 – 40 минуттан кейін оянады. Бірте – бірте есі кіреді. Наркоздан кейін көп ұйықтайды.
Наркоз уақытында болатын асқынулар
І – кезеңде, құсуы мүмкін. Ол кезде құсықтан, сілекейден жоғарғы тыныс органдарын тазарту қажет және тері астына атропин сульфат ерітіндісін қолданамыз. Тыныс алуы және жүрек тоқтап қалуы мүмкін. Коллапс болуы мүмкін. Бұл жағдайда қолдан дем алдырып мезатон, адреналин, кордиамин дәрілерін қолданады
Наркоз дәрілеріне қоятын талаптар :
1. Бұл дәрілердің терапивтік кеңділігі үлкен болуы қажет
2. Наркоз тереңдігі мен ұзақтылығы тиімді болуы қажет
3. Наркоз жақсы басқарылуы қажет
4. Ұзынша келген мидың жауапты орталықтарына зиян келтірмеуі қажет
5. Наркоз кіретін кезең және ояну кезеңі өте тез және қысқа болуы қажет
6. Мүшелер мен шырын қабықтарын тітіркендірмеуі қажет.
Фторотан – Б – тізімі. Қоңыр флаконда 50,250 мл шығады. Түссіз, тәтті иісі бар сұйық зат. Бұзылмайды, жарылмайды, шырышты қабықтарды тітіркендірмейді. Наркотикалық белсенділігі эфирден жоғары. Ауру тез есінен айырылады және кейін тез оянады. Бірақ фторотон наркозында: аритмия, қан қысымының төмендеуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |