Этил спиртімен жедел улану. Ауыр уланғанда адам есінен танады, сезгіш қабілеті жойылады, бұлшық еттері босайды, рефлекстер жоғалады тыныс алуы нашарлайды, жүрек соғуы нашарлап қан қысымы төмендейді.
Көмек: Асқазанды, зонд арқылы жуып, көк тамырға 500 мл 20 % глюкоза ертіндісі жіберіледі. Ауыр уланғанда диурез әдістерін қолданады. Уланғанда жиі болатын асқынулар - өкпе қабынуы, сол себептен антибиотиктерді қолданады.
Созылмалы улану (маскүнемдік). Ол этил спиртін үнемі қолданған да болады. ОЖЖ – нің қызметтері: қан айналымы, ас қорыту, тыныс алу бұзылады. Ой өрісі мен жұмысы бұзылады, ашуланшақ, мінезі тұрақсыз болып, ОЖЖ –і тозады. Әр түрлі психикалық аурулар туады. Оларды арнайы ауруханада емдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |