Жіктелуі:
Наркозға арналған дәрілер
Этил спирті
Ұйықтататын дәрілер
Эпилепсияға арналған дәрілер
Паркинсонизмге қарсы дәрілер
Анальгетиктер
Психотропты дәрілер
Аналептиктер
Наркозға арналған дәрілер
Наркоз – уақытша орталық жүйке жүйесінің функционалдық салдануы және функцияларының қайта қалпына келетіндей зардап шегуі (Павлов анықтамасы).
Наркозда адам есінен айырылады, рефлекстер болмайды, бұлшық еттер босайды. ОЖЖ – ның әр түрлі бөлімдеріне наркоз дәрілері әртүрлі әсерін тигізеді. Наркоз дәрілерінің тежегіш әсері бас миы қабығына жайылып, кейін жұлынға жайылады. Сопақша мидың негізгі орталықтарына (тыныс алу, қан айналым жүйесі) наркоз дәрілері әсер етпейді.
Наркоз дәрілерін алу тарихы.
Хембри Деви 1975 ж азоттық шала тотығын наркоз ретінде қолданған. Бірақ наркоз дәрілерінің ашылу тарихы 1846 болып саналады. АҚШ – та Бостон қаласында 1846 ж. тіс дәрігері Мортон бірінші рет тісті аурусыз жұлған «Ауруға тіс жұларда эфир иіскеткен. 1847 жылы Джеис Симпсон хлороформ препаратының ұйықтататын әсерін ашқан».
Ал Россияда 1847 жылы эфирді наркоз ретінде Иноземцев пен Пирогов қолданған. Пигоров аз уақыт ішінде эфир наркозының теориясын жазған Кравков бірінші рет гедонал дәрісін венаға наркоз ретінде қолданған.
Достарыңызбен бөлісу: |