Презентация және сабақ ресурстарын, smart технологиясының элементтерін қолдана отырып түсіндіріледі



бет5/10
Дата04.01.2022
өлшемі24,58 Kb.
#109522
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Натрий оксибутираты – Б – тізімі, ампулада 20 % - 10 мл шығады. Аз мөлшерде седативтік және бұлшық еттерді босататын әсері бар. Көп мөлшерде ұйқы туғызады. Натрий оксибутиратынан организмнің гипоксияға қарсы тұрақтылығы күшейеді. Көк тамырға қолданғанда наркоз 30 – 40 мин кейін байқалып 3 – 4 сағатқа созылады. Қосалқы наркоз ретінде немесе ауруларындағы қоздыруды басу үшін, мидың ісігін тудырмау үшін қолданады. Уландырғыш қасиеті төмен, бірақ венаға тез жібергенде дене тырысуы мүмкін.

Пропанидид – Б – тізімі 5 % - 10 мл. Наркоз қолданғаннан кейін 20 – 30 секундтан кейін басталып 3 – 4 минуттан созылады. Қосалқы наркоз ретінде, немесе тез операцияларда қолданады. Қосымша әсері: құсық, бұлшық еттердің тырысуын туғызуы мүмкін. Сары ауруда, талықсуда, бүйректің кемшіліктерінде қолдануға болмайды.



Этил спирті: - Өзіне тән иісі бар, түссіз органикалық ең төменгі қоспа. ОЖЖ – не әсері болғандықтан қоздырғыштар қатарына, қосылады. ОЖЖ – не әсері 3 – кезеңнен тұрады.

1. қоздыру, 2. наркоз, 3 жанталас.

Наркоз дәрісі ретінде қолданбайды, өйткені наркоз кезеңі өте тез, жанталас кезеңінде ауысады және қоздыру кезеңі өте ұзақ.

Жергілікті жерге қолданғанда концентрациясына қарай әртүрлі әсер етеді.

1. Тітіркендіргіш әсері бар (40 % )

2. Тұтастырғыш әсері бар (95 % )

3. Микробқа қарсы әсері бар (70 % , 90 % , 95 % )

Практикалық медицинада тітіркендіргіш, тұтастырғыш, микробқа қарсы әсерлері қолданылады. Анестетик ретінде медициналық инструменттерді, операция жасайтын жерді, хирург қолын залалсыздандыру үшін қолданады. Тұтастырғыш ретінде күйген жерді емдеуге, тітіркендіргіш ретінде компресс жасау үшін, бұлшық ет, нерв, буын қабынғанда қолданады. Ауру басатын әсерін, ауру шогын болғызбау үшін жарақаттанғанда, жараланғанда қолданады. Бұл кезде талықсуға қарсы ерітінділердің құрамында көк тамырға құяды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет