Презентация жобасын дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Жаймбаева Гүлмира Қасымбекқызы
21 қаңтар 2010 жыл
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ (1910-1982)
Өмірі мен атқарған қызметі Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – Екінші дұниежұзілік соғыстың даңқтыы жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнектң жазушысы. Туған жері – Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді.. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады. 1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал- майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардияны басқарды. Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек “Волоколамское шоссе” (қазақшасы “Арпалыс”) повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Өскери-педагогикалық жұмыспен айналысып,Совет армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден , медальдармен наградталады., Кеңесткер Одағының батыры атағын алады. Алайда, халықтың өзі “батырым” деп танып , ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақсан Республикасының тұңғыш президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен оған “Халық қаһарманы” деген атақ берілді.
Ұмытылмас сол күндер жалындаған,
Ұмытылмас сол күндер жалындаған,
Ұзақ түндер көз ілмей ұйқы ұрлаған,
Ажалменен сан мәрте арпалысып,
Жүрек бомба келген кез жарылмаған.
Кездесуге қатысушылар сондай-ақ. Үлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне қазақстандық тараптың Мәскеудегі Әлия Молдағұлова атындағы N!1891 мектепті заманауи жиһаздармен, мектеп кабинеперінің, спорт және мәжіліс залдарының жабдықтарымен, оқу-әдістемелік құралдармен және интерактивті тақталармен жарақтайтыны туралы келісті. қала өкіметі өз кезегінде мектепте күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін болды.
Қазақта «Ақыл жастан, асыл тастан» деген нақыл сөз бар. Бауыржан сияқты халқының ұлдарына байланысты айтылған сөз болар, сірә.
Ол Жамбыл облысының Жуалы ауданына қарасты Көлбастау ауылында дүниеге келген. Шымкенпегі 7 жылдық мектепинтернатын бітірген соң, біраз жылдар мектепте мұғалім болыпты. Бұл сол кездегі ең бір абыройлы, беделді мамандықтардың' бірі. Сол кездің өзінде-ақ еңбекқорлығымен, өз қызметіне деген ынта, жігерімен, дарынымен көзге түскен жас жігітке ·ауаткомның хатшысы, милиция бастығы сияқты аса жауапты қызметтер сеніп тапсырылған. Бауыржан Момышұлы әскер қатарына 1932 жылы алыныпты. Еңбекқор, іскер азамапардың қандай да болсын істен нәтиже шығара білетіні белгілі. Баукең бойындағы мұндай қасиеттерін әскер қатарынан. оралғаннан кейінгі жылдары көрсетсе керек. Осы уақыпа біраз жылдар Шымкент, Алматы қалаларындағы банк саласында жемісті еңбек еткен ол, жақсылап қолға алса, өзінен тәп-тәуір қаржыгердің де шығатынын көрсеткен. Бұдан әрі қарай Баукеңнің өмірі өзінің туа біткен қасиеттерімен байланысты, яғни әскер саласындағы қызмепермен жалғасады. Яғни ол 1936 жылы Ленинград финанс академиясы жанындағы курсты тәмамдап, қайтадан қызыл дрмия қатарына алынған. Онда жүріп, взвод, рота командирі полк штабы бастығының көмекшісі сияқты басшылық қызметтерді атқарады. 1941 жылы қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болады. Ал Үлы Отан соғысы басталысымен 316-шы атқыштар дивизиясының жасақталуына атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанады. Онда Баукең немістермен Мәскеу түбінде болған айқастарға қатысып, әйгілі 8-ші гвардиялық дивизияның батальон, полк командирі болып, соғыс бітердің алдында осы гвардияны басқарады. Тап осы сұрапыл соғыс жылдарында ол өзінің асқан -өрліriмен, соғыс өнерінің қыр-сырын меңгерген білікті жауынгерлік қасиетімен ерекшеленіп, оның атақ-даңқы аңызға айналады. Соғыстан соң Баукең Кеңес армиясы Бас штабы жанындағы Жоғары әскери академияны бітірген.
Ал 1950-1956 жылдар аралығыңда әскери академияда сабақ берген және. түрлі әскери қызметтерді атқарған. Бауыржан Момышүлының ерлік істері мен оның соғыс қимылдары жөнінiде жазып қалдырған еңбектері мен естеліктері, халық арасыңда «Бауыржан айтқан екен» деген әңгімелері кейінгі ұрпаққа, өз еліне деген сүйіспеншілік пен махаббаттың, ерлік пен елдіктің үлгісі болып қалды. Баукеңнің ерліктері жөнінде осы уақытқа дейін көптеген еңбектер жазылды. Олардың ең танымалдарының бірі белгілі орыс жазушысы Алексаңдр Бектің «Арпалыс» (Волоколам шоссесі») повесі. Бұл кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылған. Бауыржан Момышұлы туралы шығармаларды қазақ жазушылары да көп жазды. Ол туралы түсірілген фильмдер де жеткілікті. Ал осыншама көпті көрген, белді қызметтерді атқарып, үлкен марапаттардың, атақтардың иесі атанған танымал тұлғаның өзгелерге айтары, кейінгі ұрпаққа қалдырары аз болмаса керек. Оның соғыстан кейінгі жылдары айналысқан шығармашылық жұмыстары мен жазып қалдырған еңбектері осындай ниеттен туған дүниелер деуге болады. Көрнекті жазушының орыс және қаза тілдерінде жазып қалдырған «Бір түннің тарихы», «Ұшқан ұя» сияқты алғаш шыққан кітаптары мен одан кейін жазылған «Мәскеу үшін шайқас», «Жауынгердің тұлғасы», «Майдан» сияқты өзге де көптеген шығармалары оқырман жүрегіне жол тауып, көпшіліктің іздеп оқитын кітаптарының біріне айналды. Бұл шығармалардың барлығы да көптеген елдердің тілдеріне аударылып басылды.
Иә, бүгінде аса құнды рухани мұраға айналып отырған Баукең жазбаларының басым бөлігі орыс тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Бірақ бұдан ол кісіні тек қана орысша ойлайды екен деген ой туыңдамауы керек. Айтарының бәрі, сайып келгенде, Алаш пен ұлттың мүддесі, халық рухының еркіндігіне келіп тіреледі. Көркем шығарма болсын, тарихи-деректі дүние болсын, қазақ және орыс тілінде
еркін жаза білетін жазушы ол кезде некен- саяқ болса, соның бірі Баукең еді. Бауыржан Момышұлы атақ-даңқтан кенде адам емес. Ол Кеңес дәуіріндегі Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Қызыл Ту, Еңбек қызыл Ту, Халықтар достығы, 1ші дәрежелі Отан соғысы, 2 рет қызыл Жұлдыз, Құрмет белгісі» сынды орденмедальдармен марапатталса, халқының шын мәніндегі қаһарман ұлына Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін «Халық қаһарманы» атағы берілді. Осылайша қазақ халқы батыр ұлының асқақ рухын тағы бір рет ұлықтады.
Бауыржанның батасы
Бір жолы бау кең бір уйде қонақ болыпты. Әлгі уйдің шал-кемпірінің қадірсіз, келін-кепшігі, бала-шағалары берекесіз, бейбастау екені жүрістұрыстарынан, қарым-қатынастарынан көріне бастайды ... Сыйлап отырса да, көп алдында қонағының қадірін кетіріп, күлкі қылуға тырысып жыртақтасады.
Шай ішіліп, еті асылып, тамақ түсірерде бір жігіт
жанындағыларға көз қысып:
- Әумин! - деп бата сұрайды.
- Батаны батыр берсін, - дейді ауылдың бір қуы.
Баукең қапелімде сасқалақтап қалып, қасындағы үйдің шалына қарап:
-Ақсақал, жол сіздікі еді ғой, - деп құтылмақ болады.