Презентация Оқытуды саралау технологиялары Орындаған: Арапбаев Абзал Тобы: еп 20-14к1 Қабылдаған: Малгайдарова Гулсара


Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі



бет4/6
Дата02.05.2023
өлшемі192,77 Kb.
#175878
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Арапбаев Абзал ИНКЛ.ББ

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.

деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:

  • деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын оқу-тәрбие процесіне енгізіп және ғылыми-әдістемелік құжаттар мен ұсыныстармен қамтамасыз етсек, онда дәстүрлі оқытудың төмендегідей мәселелерін шеше аламыз:
  • - Оқушылардың 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
  • - Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады (үй тапсырмасы азаяды).
  • - Оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижелері әділ бағаланады.
  • - Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
  • - Дарынды оқушылар дер кезінде анықталып, оларды дамытуға жағдайлар жасалады.
  • - Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
  • - Олимпиада, конференция жүлдегерлері, шығармашылық жұмыстардың жеңімпаздарының саны артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет