Презентация Оқытуды саралау технологиялары Орындаған: Арапбаев Абзал Тобы: еп 20-14к1 Қабылдаған: Малгайдарова Гулсара


Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік )



бет3/6
Дата02.05.2023
өлшемі192,77 Kb.
#175878
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Арапбаев Абзал ИНКЛ.ББ

Бірінші деңгей-«үйренушілік».( Репродуктивтік ) Оқушылардың жаңа тақырыптан алған білімдерін бекіту үшін, еске түсіріп, қайталау үшін және алған білімдерін практикада қолдана білуге жаттықтырады. Берілген есептер мен тапсырмалар өмірмен, қоршаған ортамен байланыстырылған болуы керек. Мұнда оқушының қызығушылығына, таным бірлігіне назар аударылады.
Екінші деңгей-«алгоритмдік». Мұнда кері байланысқан функцияларды орындау үшін тексеру тапсырмалары, іріленген материалдарды жүйеге келтіруге, реттеуге арналған, мазмұны өзгертілген жағдайға тапсырмалар беріледі. Сонымен қатар ұлттық негізде құрылған, көбінесе танымдық және үйренушілік мәні бар тапсырмалар, мысалы, сөзтізбектер, ребустар, ойлауға арналған тапсырмалар беріледі.
Үшінші деңгей - «эвристикалық». Бұл деңгейде оқушылар тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Оқушы өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
Төртінші деңгей-«шығармашылық», Оқушы өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Шығармашылық тапсырмалар – оқушылардың білімділігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу. Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы 
Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы 
Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы 
Оқушы белсенділігінің оянуы 
Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет