III – деңгейдегі тапсырмаларға : III – деңгейдегі тапсырмаларға : 1) танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс; 2) әртүрлі әдіс, тәсілдермен шешілетін есептер; 3) өздігімен мысалдар мен есептер құрастыру және оны өздігімен шығару, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, жергіліктіжағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекті құралдар дайындауға берілетін тапсырмалар. Ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар. IV – шығармашылық деңгей тапсырмалары: 1) оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген. 2) олимпиадалық есептер; 3) берілген тақырыпқа өз бетімен реферат, докладтар дайындау. Сонымен, саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: - Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- 1.Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». Алматы 2006 жыл.
- 2.Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
- 3.Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми-практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
- 4.Искакова Р., Ерназарова З. «Жаңа технологияны пайдалану әдістері». Қызылорда, 2004 жыл.
- 5.Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.
- 6. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан //Қазақстан халқына
- Жолдауы//, 28.02.2007.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |