Презентация орындаған : Күздікбай Ж. Тобы: Қдс 01- 19 Қабылдаған: Ескерова С.Ө



Дата06.10.2022
өлшемі107,09 Kb.
#152006
түріПрезентация
Байланысты:
Презентация Microsoft PowerPoint


Гигиена және эпидемиология кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Орындаған : Күздікбай Ж.
Тобы: ҚДС 01- 19
Қабылдаған:Ескерова С.Ө.
тА
Коммуналдық қызмет көрсету мекемелеріне моншалармен бірге кір жуатын орындар да кіреді. Қалалық тұрғындар үшін олардың саны 1 мың адамға ауысымына 120 кг кір киімдер есебінде, ал ауыл тұрғындары үшін – 60 кг мөлшерінде келеді. Kip жуатын орындар мүмкіндікке қарай, елді мекен орындарының аумағында және оның тұрғындарына максималды түрде жақын орналасуы қажет.
  • Кір жуатын орындардың өткізгіш қабілеттілігі және оның санына қажеттілікті анықтайтын формула:

  • n{a+b) Х = ___________________________________ cd
    Мұндағы X – бір ауысымға шаққанда кг мөлшеріндегі құрғақ киім-кешектердің мөлшері; n – қызмет көрсететін тұрғындардың саныа – айына бір адамға шаққандағы лас киім-кешектердің мөлшеріb – айына бір адамға шаққандағы қоғамдық киім, төсек жабдықтардың мөлшеріс – жұмыс күніндегі ауысым саны; d – бір айдағы жұмыс күнінің саны.

Бұл формуланы пайдалана отырып бір айда орындауға қажетті киім-кешектөсек жабдықтардың мөлшерін, бір кір жуатын орынның жүктеме мүмкіндігін, белгілі бір елді мекен үшін оның мөлшеріне табиғи қажеттілікті анықтауға болады.
Өзіндік кір жуатын үйлерде және жеке ғимараттарда әкімшілік-шаруашылық бөлімі болуы қажет және қарастырылатын қажетті жағдайлар:
  • кір жуатын орындарына жеке кіру есігінің болуы;
  • мекеме максималды түрде механикаландырылуы және алып келетін – алып кететін желдету жүйесімен жабдықталуы;
  • бу-жылу – дыбыс изоляциясы қамтамасыз етілуі;
  • кір жуатын және кептірілетін бөлмелердің терезелері, егер де олар қоғамдық бөлмелердің терезелеріне қарап тұратын болса, онда олар жабық фрамугасыз және терезе желдеткішінсіз болуы қажет.

Kip жуатын орындардың ғимараты су құбырымен, канализациямен және орталықтандырылған жылыту жүйесімен қамтамасыз етілуі тиіс. Канализациялық жүйе міндетті түрде келісуі қажет. Кір жуатын орындардан шыққан ағындар және тұрмыстық ағынды сулар арасындағы қатынас 1:1-ден аспауы керек, ал қысқа уақыттық жағдайда – 1,2:1. Ағындардың едәуір көп мөлшері кезінде, оны канализацияға жіберер алдында коагуляциядан және тұндырудан өткізілуі керек.
Кір жуатын орындардың ылғалды және өте ылғалды бөлмелерінде ішкі қабырғалар, аралық қабырғалар және қабат аралық жабындар ылғалға төзімді және ыстық сумен жууға төзімді болуы қажет. Ылғал болатын тәртіптегі бөлмелердің қабырғалары барлық биіктігіне дейін глазурленген плиталармен қапталуы, ал ылғалдылығы қалыпты бөлмелердің қабырғалары 2 м биіктікке дейін майлы бояумен сырлануы қажет.
Кір жуатын бөлімнің, душтық, әжетхана, шешінетін бөлмелердін едендері ылғал өткізгіш болуы қажет. Кір жуатын орындардың барлық бөлмелері, сондай-ақ қондырғылары тез және оңай тазаланатын болуы керек. Қондырғыларды орналастыру кезінде виброизоляцияны қарастырған жөн. Кір жуатын орындардың бөлмелерін өндіріске байланыссыз басқа мақсатта және тұрғын бөлме ретінде пайдалануға рұқсат етілмейді.
Сонымен қатар, өндірістік бөлмелерде қызметкерлердің киімдерін және басқа да бөтен заттарды сақтауға болмайды. Барлық бөлмелердің температурасы, ылғалдылығы және ауа алмасу жиілігі нормативтік құжаттармен сәйкес болуы керек. Жұмыс уақыты аяқталганнан кейін бөлмелер мен қондырғылар жинастырылады және тазартылады. Бөлмелерді түбегейлі тазалау аптасына кемінде 1 рет жасалады.
Инфицирленген киім-кешек, төсек-жабдықтарын өңдеу барысының талаптары:
киім-кешек, төсек-жабдық өткізілетін бөлме барлық басқа бөлмелерден бөлектенуі және өзіндік алып кететін желдетумен қамтамасыз етілуі қажет;
  • инфицирленген киім-кешек, төсек-жабдықтары залалсыздандыру құрылғысына (бучильник) салып бөлетін орында жүргізіледі, ал залалсыздандырылған киім-кешек, төсек-жабдықтарын алу кір жуатын бөлім жағында жүргізіледі;

  • кір киімдерді қабылдау және таза киімдерді беру кезінде ағындылық сақталауы қажет;
  • киім-кешек, төсек-жабдықтарын залалсыздандыру Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігінің рұқсаты берілген жуғыш заттарымен жүргізіледі.

Қорытынды
Кір жуатын орындардың жүмысшылары арнайы киіммен қамтамасыз етілуі қажет. Мекеменің қызметкерлері жұмысқа алғашқы рет қабылданғанда және одан кейін де денсаулық сақтау органдарының талаптарына сәйкес медициналық байқаудан өтулері қажет. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің келісімімен жыл сайын кір жуатын орынның әкімшілігі жұмысқа жаңадан келгендерге санитарлық-техникалық минимум бағдарламасы бойынша сабақ жүргізуге міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет