2.Ресурстардың жіктелуі.
Сарқылатын ресурстар қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді.Қалпына келмейтіндерге планетаның қойнауындағы пайдалы қазбалар – металл (қара,түсті,асыл және сирек кездесетін,радиоктивті металдар)рудалары,бейметалды қосылыстар(өнеркәсіптің металлургиялық, химиялық және басқа салаларына арналған шикізаттар)жер асты сулары, құрылыс материалдары (мрамор,құм,гранит және т.б.), энергиясақтағыш көздері (мұнай,газ,көмір,жанғыш-сланец,жертезек) жатады. Бұл ресурстардың өайтадан орнына келу қабілеті жоқ, себебі олар өткен геологиялық дәірде бірнеше миллиондаған жылдар бойында түзілген. Мысалы,тас көмір мезозой дәуірінде болған өсімдіктер фотосинтезінің өнімі. Қазіргі кезеңде кен байлықтар түзетін процестердің жүруіне бұрынғыдай жағдай жоқ, сондықтан олардың орнының тез арада толуы мүмкін емес.Сарқылатын және қалпына келетін жағынан қарайтын болсақ,жер және орман ресурстарына ерекше тоқталуға болады.Топырақ – барлық материалдық игілік негізі,әр адамның жақсы тұрмыс халі осы байлық көзінің жағдайына байланысты. Топырақтың негізгі қасиеті оның құнарлығы,яғни өсімдіктер өнімі осы қабілетіне байланысты келеді. Топырақтың түзілуі өте күрделі және ұзақ үздіксіз жүретін процестердің бірі. Оның алуан түрлі қосылыстардан басқа ұара шіріктің негізіг мөлшерін жинақтайтын 1 см қалыңдықтағы беткі қабатының түзілуіне 100 жылдай,20 см қабат қалыңдығының түзілуіне табиғатқа кемінде 5-7 мың жылға дейін уақыт қажет. Ал осы қабатты жоюға түзілу мерзімімен салыстырғанда көп уақыттың қажеті де жоқ,бірнеше сағат ішінде (нөсер жаңбырмен шайылуы немесе бір жолғы шаңды дауылмен ұшырылуы) ең әрі кеткенде бірнеше жылда (20-30 жылда жедел эрозия нәтижесінде) құнарлығынан айыруға болады. Топырақты өңдеуге дұрыс технология қолданылмаса,ауыл шаруашылығы экстенсивті түрде жүргізілсе,ормандар алқабы қысқартылып отырылса,бұл жағадайлар су және жел эрозия процестерінің күшеюіне әкеп соғады. Бұдан басқа да табиғатты пайдалану жолдарының нәтижесінде қолданылатын жерлер,соның ішінде өте бағалы жыртынды жерлер,жойылып кетуі мүмкін. Сонымен, топырақ қалпына келетін ресурс болғанымен,оны тек қатағ қолдану тәртібін ұстап күту арқылы ғана қалпына келтіріп немесе бұзбай отыруға болады. Дүние жүзінде өнделетін топырақ мөлшері 0,28 га/адамға,Реаейде әр адамға шеккенде келетін егістік жердің көлемі 0,94 га,АҚШ-та -0,63 га,Қытайда- 0,16 га,Германияда -0,15 га, Ұлыбританияда -0,13 га,Жапонияда -0,04 га, Қазаұстанда -2,25 га..Жылдан-жылға барлық елдерде жарамды жер көлемі азаюда.
Салыстырмалы түрде қалпына келетін ресурсқа табиғи ресурстардың маңызды түрлерінің бірі орман ресурстарын да,әсіресе ағашты жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |