1.Марганецкендері Атасу темірмарганец бассейнінен басқа Сарыарқада, Ұлытауда, Қаратауда, Маңғыстау мен Семейде анықталған. 2.Хромит кендері негізінен Ақтөбеде табылған. Кемпірсай массивінде шамамен 30 кен орындарыбар. Кеннің ұзындығы 80 км, ені 0,6-дан 30 км-ге дейін созылған, қалыңдығы жүздеген метрге жетеді. Кендегі хром тотығының мөлшері 20-дан 60%-ға дейін. Бұл кен орнына дүние жүзінде тең келетін кен орны жоқ. Хромий кенін өндіру бойынша Қазақстан дүние жүзінде бірінші орынға шықты.Хромит кендері Қостанайдағы Жетіқарада, Құндыбайда, Аққарғада, Ақтауда, Семейде табылған.
1
2
1.Ванадий кендері Қаратау мен Жабағылтауда табылған. Кендегі ванадийдің мөлшері шамамен 1% және молибден 0,22%. Кеннің сапасы жоғары емес. Ванадий бар кендер Шыңғыс тауларында, Бетпақдалада, Кіндіктаста, Теріскей Алатауы мен Жезқазған аймағында кездеседі. 2.Титан кендері Қостанайда, Көкшетада, Ақмола мен Ақтөбе облыстарында барланған. Ұлытау, Оңтүстік Алтайда және Жезқазған облысындағы қоры белгілі.Қазақстан түсті бағалы және сирек металдардың көптүрлілігіме, байлығымен сипатталады.
3.Алюминий кендерінің ішінде бокситтер ерекше орын алады. Келешег бар аудандарға Сарыарқаның батысы мен солтүстігі, Торғай ойпаты, Сырдария өзенінің бассейні, Каспий маңы және Арал маңы ойпаты, Аманкелді, Обоған, Жоғарғы Тобыл, Теңіз, Таскөл және Шаған, Мұғалжар, Шымкент қаласының иаңындағы кен орындарын атауға болады.Алюминий шикізатының бокситтен басқа түрлері де барланған.
1
2
3
1.Никель және 2.кобальт кендері Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар, Семей және Жамбыл облыстарында таралған. Ақтөбедегі Кемпірсай бассейнінде никель кен орындарының 30-ның ішінен 14-і жұмыс істейді. Жоғары сапалы никель кенінің үлкен қоры Қостанай облысындағы Аққарға мен Ақтауда шоғырланған. Силикатты никель кендері Кемпірсайдан басқа Семей және Жезқазған облыстарында ашылған. Олардан металлургиялық өңдеу барысында кобальт та алынады. 3.Мыс кендері Қазақстанның көптеген территорияларында таралған. Кенді Алтай тауларынан бастап республикамыздың батыс шекараларына дейін мыс кендері барланған. Мыстың ірі кен орындары Сарыарқада,Жетісу, Жоңғар Алатауында , Шыңғыс және Мұғалжар тауларында, Батыс Торғайда, Теңіз ойпанында, Ақтөбе маңында, Маңғыстауда, Атбасар-Терісаққанда, Солтүстік Қазақстанда, Балқаш маңында, Тарбағатай, Сәуір тауларында және т.б. орналасқан. Дүние жүзіне белгілі мыс кен орындары Қоңырат, Бозшакөл, Саяқ, Жыланды, Ақтоғай, Жезкент, Шиелісай және т.б. еліміздің ұлттық байлығы болып табылады.Мысты кендерден, сонымен қатар, қорғасын, цинк, молибден, күкірт және т.б. компоненттер алынады.
1
2
3