Презентация Тақырыбы: Адам ұрығының негізгі даму сатылары Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы



бет3/5
Дата08.11.2023
өлшемі1,93 Mb.
#190348
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эмбриология СРС

Адам эмбриологиясы
Адам эмбриологиясы- адам ұрығы дамуының, яғни оның құрылымы және қызметтерінің қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Студент үшін кейбір клиникалық пәндерді игеруне және болашақ дәрігерлік практикасында эмбриологиялық мәліметтерді жетік білуінің маңызы зор. Себебі, әртүрлі ішкі және сыртқы зиянды факторлардың әсерінен қалыпты эмбриондық даму, ана- нәресте жүйесіндегі әртүрлі қатынастар бұзылып, түсіктер, туа біткен кемістіктер, нәрестенің туылғаннан кейін болатын аурулары пайда болады. Олардың даму механизмдерін, факторларын анықтау негізінде, медициналық эмбриология осы эмбриопатияларды алдын-алу, емдеу шараларын жете зерттейді.
Түсік тастаудың себептері:
  • жұқпалы аурулар, жіті (мысалы, тифтер, безгек, қызамық, крупозды пневмония, тұмау), сондай-ақ созылмалы (мысалы, мерез, туберкулез, токсоплазмоз);
  • жүрек-қан тамырлары аурулары (гипертониялық ауру, жүректің ауыр ақаулары), бүйрек аурулары, эндокриндік бұзылулар, психикалық жарақаттар;
  • сынаппен, бензинмен, никотинмен, алкогольмен, марганецпен туындаған созылмалы улану;
  • ана мен ұрық қанының үйлесімсіздігі (ең алдымен, резус-фактор бойынша айырмашылық));
  • әйелдердің жыныс мүшелерінің аурулары (жыныс мүшелерінің ісіктері және қабыну процестері, инфантилизм және т. б.));
  • жүкті тағамда витаминдер тапшылығы (негізінен, А және Е);

  • хромосомдық бұзылулар

Ұрықтан тыс мүшелер
Ұрықтан тыс ағзалар деп эмбриогенезде ұрық денесінен тысқары қалыптасып,оның өсуі мен дамуын қамтамасыз ететін өте маңызды функцияларды атқаратын және онтогенездің тек қана пренаталдьді кезеңінде болатын құрылымдарды атайды.Провизорлық ағзаларға амнион,сары уыз қабы,аллантоис,хорион,плацента жатады.Ұрықты қоршағандықтан,олардың біреулерін (амнион,орком,аллантоис) ұрық қабықтары деп атайды.Плацента,ұрық қабықтары және кіндік бау ана организмі мен ұрық арасындағы екі жақты қатынастарды қамтамасыз етіп,босану кезінде нәрестеден кейін шығатын бала жолдасын құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет