1.Биологиялық синтез 2.Химиялық синтез 3. Комбинирленген тәсіл.
Алу жолдары
Бұл тәсілмен антибиотиктерді алу үшін, микроорганизмдердің жоғарғы өнімді штаммдарын және оларды өсіретін арнайы қоректік орталарын пайдаланады. Мысалы, бұл тәсілмен пенициллинді алады.
Бұл тәсіл алдыңғы екі тәсілдің ұштасуы болып табылады. Биологиялық синтез жолыменантибиотиктің ядросые алса (мысалы, пенициллен в-аминопенициллан қышқылын) ал, химиялық синтез жолымен оған әр түрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктерді жартылай синтетикалық деп атайды
Кейбір антибиотиктердің құрылымын білгеннен кейін, оларды химиялық синтездеу тәсілімен алу мүмкіндігі туды. Мысалы, бұл тәсілмен алынған алғашқы антибиотктердің алғашқысы – левомицетин.
Пенициллин – зең саңырауқұлағы түзетін антибиотик. 1943 жылдан өндірістік жолмен шығарыла бастады. Шипалық мақсатта калий тұздарында новокаин түрінде ерітіп қолданады. Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин— түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны, өкпе қабынуын, баспа және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда, бактериялардың көптеген түрін жояды.
Бірақ: ол іш өткенге, зәр шығаратын мүшелерге түскен инфекцияға, сегізкөз ауруына, көгеріп іскенге, әдеттегі салқын тигенге, қызылшаға немесе басқа дә вирустық инфекцияларда көмектеспейді. Пенициллин миллиграммен (мг) немесе бірлікпен (бр) — бірлік өлшемімен өлшенеді. Пенициллин үшін 250мг=400000бр.
Қазір пенициллиннің түрі көп (экмоновоциллин, новоциллин). Пенициллиннің құрғақ түрін жараға себеді, ал ерітіндісімен жараны жуып емдейді.
Бензилпенициллин/Формула
C16H18N2O4S
Достарыңызбен бөлісу: |