Пенициллинді тереңдік дақылдандыру әдісімен алады. Пенициллиннің қарқынды синтезі P.chrysogenum өндірістік штамының мицелла-биомассасының үлкен көлемде жинақтаумен басталады. Мысалы, пенициллин өндірісіне арналған қоректік орта құрамына глюкоза - 1,5%, лактоза - 5% (лактоза глюкозаның катаболизмдік репрессиясын алып тастайды), аммония сульфат және фосфаттар - 0,5-1%, жүгері экстрактісі - 2-3%, антибиотиктердің бастауыштары - фенокси- немесе фенилсіркесу қышқылы кіреді.
Ферментацияға дайындық: алғашында флакондарда 25-270 С 4-5 тәулік бойы споралар көбейеді. Бөлінген споралық материалды инокуляторларға себеді және әрі қарай себу аппаратарына – шағын көлемді биореакторларға (12-18 сағатқа вегетативті клеткалар өнуі үшін) себеді. Кейін субстратқа зең саңырауқұлағының өнген спораларын себеді. Кезеңдік ферментация 23-260 С, орта рН 5,0-7,5, аэрация жылдамдығы ортаның 1 м3 1 минутта ауаның 1 м3 көлемі түсуі керек; ферментация ұзақтығы – 4 тәулік.