Презентация Тақырыбы: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі


ӨСІМДІК МАЙЫН ЗЕРТТЕУ НӘТЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ



бет3/9
Дата28.09.2023
өлшемі1,71 Mb.
#182897
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
улжан (копия)

ӨСІМДІК МАЙЫН ЗЕРТТЕУ НӘТЕЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

  • Зерттеу нысандары: май пресі, өсімдік майына тұқымдарды сығудың технологиялық процестері, қауын және асқабақ тұқымдары.
  • Зерттеу тапсырмасы: суық сығымдау әдісімен бақша дақылдары тұқымынан алынған өсімдік майының сапасын зерттеу.
  • Иісін, дәмін, түссіздігін анықтау. Иісін, дәмін, түссіздігін стандартқа сәйкес органолептикалық жолмен анықталады.
  • Жабдықтар: су моншасы, термометр, шыны химиялық стакан, шыны пластинка, электрлік лампа, сыйымдылығы 100мл 0,5мл бөлу сызығы бар шыны цилиндр.
  • Зерттеуге дайындау. Майдың иісін және түсін анықтауда оны тұндырады және сүзеді. Түссіздігін анықтағанда зерттелетін майдың сынамасын жақсы араластырады. Мұздатылған майды су моншасында 500С температурада 30 минут бойы ысытады. Содан 200С температураға дейін баяу суытады және араластырады.
  • Зерттеуді жүргізу. Майдың иісін, түсін және түссіздігін 200С температурада анықтайды. Майдың иісін анықтау үшін майды жұқа қабатпен шыны пластинаға жағады. Ал майдың нақты иісін анықтау үшін, майды су моншасында 500С қа дейін ысытады. Майдың түсін анықтағанда стаканға 50мл кем емес майды құйып, жарықта ақ фонда көреді. Зерттеу барысында майдың түсі анықталады. Жасыл реңді сары, қара-жасыл түсті және т.б

Майдың мөлдірлігін анықтау үшін 100мл майды цилиндрге құйып, 200С температурада 24 сағатқа қояды. Тұндырылған майды жарықта ақ фонда көреді. Егер май тұнық болатын болса, онда ол мөлдір май болып саналады.

  • Майдың мөлдірлігін анықтау үшін 100мл майды цилиндрге құйып, 200С температурада 24 сағатқа қояды. Тұндырылған майды жарықта ақ фонда көреді. Егер май тұнық болатын болса, онда ол мөлдір май болып саналады.
  • Ылғалдылықты және ұшатын заттарды анықтау. Өсімдік майының ылғалдылығын және ұшатын заттарды анықтау бұл 1030С температурада ысыту барысында жоғалған массаның процент түрінде шығуын айтады. Ол стандарт бойынша анықталады.
  • Жабдықтар: аналитикалық таразы, эксикатор, фарфор табақшалар, шыны бюкстер, электр плитасы немесе құмды монша, термометр, кептіргіш шкаф.
  • Зерттеуді жүргізу
  • А әдісі (барлық майға). 20гр сынаманы фарфор табақшаға салып, термометрмен бірге тұрақты массаға дейін кептіреді және электрплита немесе құм моншасында температураның көтерілу жылдамдығы шамамен 10 минут 900С-қа дейін термометрмен үнемі араластырып тұрады. Содан ысыту жылдамдығын азайтып, ысытуды 1030С та жалғастырады. Көпіршіктер толық пайда болуын тоқтағанға дейін араластырады. Ылғылдылығын толық жою үшін ысытуды бірнеше рет жүргізеді. Әр ысытқан соң майды 950С-қа дейін салқындатады. Содан соң табақшаны эксикаторда суытып, өлшейді де, екі нәтиженің өлшенген кейінгі аралығы 2 мг аспайтын болса, кептіруді бірнеше рет жүргізеді. Алынған нәтижелер бойынша ылғал мөлшерін және ұшқыш заттарды анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет