Презентация Тақырыбы: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі


Ылғалдылығы мен ұшқыш заттардың массалық үлесін келесідей формула бойынша есептейді



бет4/9
Дата28.09.2023
өлшемі1,71 Mb.
#182897
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
улжан (копия)
85872, 85872 (2), Дәрілік өсімдіктер , Жалпы химия , Бағалаудың өлшемдік технологиялары , Имани гүл, СЖМТ 1 ДЕҢГЕЙ 28-42, 509386, Презентация на тему Күн энергетикасы , 358029, санды техника (1), 1 рубежка икт, 9 -сынып әдебиет бжб №2

Ылғалдылығы мен ұшқыш заттардың массалық үлесін келесідей формула бойынша есептейді:

  • Ылғалдылығы мен ұшқыш заттардың массалық үлесін келесідей формула бойынша есептейді:
  • Х=(m1-m2)×100:m,

  • мұндағы: m-зерттелетін май массасы, гр;m1- кептіргенге дейінгі майы бар тигельдің массасы, гр;m2- кептіргеннен кейінгі майы бар тигельдің массасы, гр .
  • Күлділігін анықтау. Жалпы күлділік дегеніміз-майды күйдіргеннен кейін күйген минералды қалдықтардың зерттелетін сынаманың массаның арақатынасы үлес түрінде болуын айтады. Ол МЕСТ 5474-66 сәйкес орындалады.
  • Жабдықтар: аналитикалық таразы, муфельді қысқыштар, электр плитасы, эксикатор, фарфорлы тигельдер, фильтр.
  • Реактивтер: су асқын тотығы 10% ерітіндісі
  • Зерттеуді жүргізу. Аналитикалық таразыда 10 гр зерттелетін майды өлшеп алады және тұрақты массаға дейін қыздырып, эксикаторда суытып, тигельді өлшейді және күлді болғанға дейін күйдіреді. Күйдіру процесі асбестпен жабылған электр плитада немесе құм моншасында, майға қағаз фильтрді түсіру арқылы жүргізеді. Фитильді жандырып, жанып болғанда жаңасын жандырады, егер жану тоқтаған болса, егер будың шығуы тоқталып, тигель түбінде тек күйген қабық қалса, тигельді муфельді пешке температурасын біртіндеп көтере отырып, тигельде қалған қалдықты температурасы 6000С тан жоғары емес 4 сағат бойы күйдіреді. Оттегісі жоқ күл қызыл-қоңыр түсті немесе ешқандай қара бөлшексіз аппақ болады. Егер 4 сағат кейін күлде оттегі болатын болса, онда оны сутегі асқын тотығымен өңдеп, пеште кептіріп, қайтадан кептіреді. Құрамында оттегісі жоқ күлді яғни тигельді эксикаторға қойып өлшейді. Күйдіруді тұрақты массаны алғанға дейін жүргізеді. Алынған мәліметтер бойынша күлдің массалық үлесін есептейді. Олардың аралығы 0,002% аспауы керек.

Майдың күлділігін келесідей формуладан табады:

  • Майдың күлділігін келесідей формуладан табады:
  • Х=(m2-m1) ×100:m,

  • мұндағы: m-зерттелетін май массасы, гр; m1-бос тигель массасы, гр; m2-күлі бар тигель массасы, гр .
  • Асқын тотық санын анықтау. Асқын тотық саны 1 кг зерттелетін майдың құрамындағы белсенді оттегі мөлшерін ( ммоль) көрсетеді. Ол МЕСТ 26593-85 сәйкес орындалады.
  • Жабдықтар: аналитикалық таразы, сыйымдылығы 250 мл конусты колба, бюретка және микробюретка.
  • Реактивтер: 50% KJ ерітіндісі, 0,005М Na2S2O5ерітіндісі, 0,5% крахмал ерітіндісі, мұзды сірке қышқылы, хлороформ.
  • Зерттеуді жүргізу
  • Титрлеуге арналған колбаға 1-5 гр майды өлшеп құяды, оған 10 мл хлороформды қосып, тез ерітеді. Содан соң оған 15 мл сірке қышқылы және 1 мл калий йоды ерітіндісін қосып, колбаның бетін жауып, араластырып 5 минут қараңғы жерге қояды. Содан оған 75 мл су қосады, 5 тамшы крахмал ертіндісін тамызып, араластырады да, бөлінген йодты тиосульфат ерітіндісімен түссізденгенге дейін титрлейді. Әр зерттелетін сынама үшін екі өлшеп, нәтиже ретінде орташа арифметикалық мәнін алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет