Презентация тақырыбы бойынша жалпы мәлімет ( сабақ жоспары) №1 сабақ



Дата26.08.2017
өлшемі56,09 Kb.
#29070
6 – сынып информатика Презентация тақырыбы бойынша жалпы мәлімет ( сабақ жоспары)

1 сабақ

Күні:

Пәні

Информатика



Мұғалім аты-жөні

Мусаева М.З



И.Таиров атындағы о/м

6 «а» - сынып



Оқу-ісінің меңгерушісі



Сабақтың тақырыбы: Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер

Сілтеме:

  • 6-сынып оқулығы;

  • Плакаттар , слайдттар

  • Стендтер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мәні:

Оқушыларға тұсаукесер туралы жалпы мәліметтерді білуі тиіс

PowerPoint интерфейсі және терезе элементтерімен танысу.

Тұсаукесерге сладттар қосужәне олармен жұмыс істеу.

Шаблон бойынша тұсаукесерді құруды білу..



Дамытушылық мәні:

Практикалық дағдыларын дамыту, өз бетінше жұмыс жасауда білімдерін пайдалана білуге, пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік мәні:

Өз бетімен жұмыс жасауда ұқыптылық, еңбекқорлық, жинақылық, шапшаңдық қасиеттерін тәрбиелеу.

Нәтиже:

  • Бағдарламаны іске қосуды біледі

  • Тұсаукесерге слайдттар қосу және олармен жұмыс істеуді біледі;

  • Жаңа тұсаукесер және шаблон бойынша тұсаукесерлер құрып, слайдттарды қарау және жоюды біледі

  • Теорияны практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады;

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыланады;

Түйінді идеялар:

PowerPoint интерфейсі және онымен жұмыс істеу

Тұсаукесер құру және жұмыс істеу принциптері



Сабақтың түрі:

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:

СТО, АКТ, диалогтық оқыту

Пәнаралық байланыс:

математика

Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Сәлемдесу.

  2. Ұйымдастыру.

  3. Топқа бөлу.

  4. Сабақ барысымен таныстыру.

  5. Бағалау парағын таныстыру.

  6. Балалардың назарын сабаққа шоғырландыру

  • Сәлемдесу

  • Өздерін ретке келтіру

  • Сыныпта өздеріне ұқсас оқушыларды тауып, жасалған шеңберде бір-біріне жақсы тілектер айту

  • Топқа бөліну

  • Кітап құралдарын, дәптерлерін, қалам қарындаштарын дайындыққа келтіру

Үй тапсырмасын тексеру (7 мин.)

(сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау тәсілі)

  • Нысандармен қандай әрекеттер орындауға болады?

  • Нысандарды қалай жылжытуға (көшіруге) болады?

  • Бәрнеше нысандарды бір мезгілде ерекшелеуге болама?

  • Нысандардың орналасу ретін не үшін өзгертеді?

  • Нысандардың орналасу ретін қандай бұйрықтар баптайды?

  • Нысанды қалай жоямыз?




Қызығушылықты ояту (5 мин.)

5 слайдттан туратын «Менің отбасым» тақырыбында тұсаукесер көрсетіледі. Ол материалда: мәтін, сурет, анимация, және дыбыстық түсіндіру қамтылған.

Оқушылар зейін қойып тыңдайды



Мағынаны тану

(Мұғалім жаңа тақырыпқа шығады. Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттеріне тоқталады.)



Сабақтың негізгі бөлімі (20 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сыныпты гүлдің суреттері арқылы 3 топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

Топтағы әрбір оқушының қолына «бағалау парағын» беру. Сабақтың өтілу шартын түсіндіру.

6-сынып оқулығында «Тұсаукесер туралы жалпы мәлімет» тақырыбын оқыту.


Оқушылар белсене қатысады.

Оқушылар үш топқа бөлініп сабақ құрылымымен таныстырылады. Оқушылармен бірге табыс критерийлері анықталады.

Оқушылар бірін-бірі бақылап топта жұмыс жасайды.

Топтағы әрбір оқушы тақырыптың бөлімдерін оқып, өздері оқығаны туралы топқа түсіндіреді.

Топтағы оқушылар постерге түсінгендері бойынша жазады, суреттерін салады.


Қорыту. Күтілетін нәтиже (3 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Кері байланыс сұрақ-жауап: түрткі болу, сынақтан өткізу, басқаға бағыттау)

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау (5 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан ортақ баға қояды.



Бағалау критерийлері 
• Өз бетімен білім алуы 
• Дербес жұмыс жасауы 
• Жұпта жұмыс жасауы 
• Информатикалық білімі 
• Информатикалық терминді пайдалану 

Оқушылар өзін-өзі бағалау парағын толтырады. Оқушылар өз топтарындағы көшбасшыларды анықтайды.

Үйге тапсырма (1 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үйге «Тұсаукесер туралы жалпы мәліметтер» тақырыбын оқып келу.

Тапсырманы күнделіктеріне белгілеп алады.

Рефлексия (2 мин.)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату. Екі жұлдыз - бір тілек әдісін ұсыну.

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу. Екі жұлдыз - бір тілек әдісімен толтырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет