1 Ультрадыбыс толқыны өте қысқа; 2 Ультрадыбыс толқыны энергияны өте көп тасымалдайды. Егер дыбыстың жиілігі 20 Гц-тен 20.000 Гц арасында болса, онда оның естілетін дыбыс болғаны. Кейбір дене секундына 20 тербелістен кем тербеліп, дыбыс шығарады. Мұндай дыбыстарды біз естімейміз. Бұл инфрадыбыстар деп аталады. Сол сияқты жиілігі 20.000 Гц артық дыбыстарды да адам құлағы естімейді. Мұндай дыбыстарды - ультрадыбыстар деп атайды. Ультрадыбыстардың жоғары шегі 10 Гц дейін барады. Ал, жиілігі 109Гц көп дыбыстар гипердыбыстар деп аталады. Ал, естілмейтін дыбыстар физиологиялық тұрғыдан былайша түсіндіріледі. Негізгі мембрана бірімен-бірі өте нашар байланысқан көлденең талшықтардан тұрады. Сондықтан негізгі мембрананың кейбір бөліктері өз алдына меншікті тербелісін жасап тұруы мүмкін.