Ультрадыбыс медицинада кеңінен қолданыла бастады. - Ультрадыбыс адамдар мне жануарлардың бұлшықет тарамдарын және әр түрлі мүше құрлыстарын зерттеуде таптырмас құрал екенін көрсетті. Ультардыбыс арқылы адам денесінің ішкі құрлысында жара бар екенін анықтап қана қоймай, сол жараның қай жерде екенін дәл анықтауға болады. Рентген сәулесімен анықтауға болмайтын кейбір ісіктер ультрадыбыспен оп – оңай анықталады. Ультрадыбыспен рак тәрізді өте кеселді ауруларды анықтауға болады. Көзге түскен ағаш, шыны, пластмасс ұнтақтарын ренген сәулесімен анықтауға болмайтын болса, оларды ультрадыбыс сәулелерімен оп – оңай анықтайды.Ультрадыбыс тек қана аурулардың диагнозын қоюмен қанағаттанбайды, ол ауруларды емдейді. Тәжірибеде анықталғандай ультрадыбыстың көмегімен Бектерев ауруы, бронхит, артрит, ревмотизм және тері ауруларын емдеу өте тамаша нәтиже берген.
Қолданылған әдебиеттер - 1.Фрели С.Ә және Тиморева А.В, Жалпы физика курсы. Ітом. // Алматы, Мектеп баспасы 1971ж. 2.Жұманов К.Б. Лазер жаңартқан оптика - Алматы; Мектеп, 1985
Достарыңызбен бөлісу: |