Ультрадыбыс толқындарының биологиялық әсерін қарастырғанда акустикалық қысымның үлкен роль атқаратынын ескерген жөн. Ультрадыбыс тербелісінің жиілігі көп болған сайын, оның толқын ұзындығы қысқара береді де, қысым түйіндері біріне-бірі жақын орналасып, ультрадыбыстың механикалық әсері арта түседі. Сонымен үлкен қысымды ультрадыбыс пен микроағындар қосылып, механикалық-динамикалық әсер етеді.Ультрадыбыстың физикалық-химиялық жағдайын тексеру үшін И. Е. Эльпинер интенсивтілігі 12-104 Втсм2 ультрадыбыспен 13 амин қышқылына 12-16 сағат бойы эсер еткен. Сонда кейбіреулерінің түсі өзгерген. 1961 жылы И.Е. Хурсин интенсивтігі 6·10³ -10 Вт/м² ультрадыбыспен ақ тышқанның ұрығына әсер етіп, ондағы нуклеин қышқылының қалай өзгеретінін тексерген. Сонда 24 сағат ішінде ешқандай да өзгерістің болмағанын, температураның тек бір градусқа ғана жоғарылағанын байқаған. Ал енді интенсивтілігі 2·104 Вт/м2 ультрадыбыспен әсер еткенде нуклеин қышқылы азайып температурасы алты градус көтерілген. Осыған қарап температура көтерілген сайын нуклеин қышқылы азая береді деген қорытындыға келген.Ультрадыбыстың келесі әсері жылулық деп аталады.