Тақырыбы: Дидактикалық принциптер және информатиканы оқытудың әдісөтәсілдері
Дидактика дегеніміз не?
Дидактика дегеніміз не?
Дидактика - бұл оқу және білімдену, олардың мақсаттары, мазмұны, әдістері, құрал жабдықтары, ұйымдастырылуы мен нәтижелері жөніндегі ғылым.
Дидактикада оқытудың мазмұнына, ұйымдастыру формасына және әдістеріне қойылатын талаптар көрсетіледі.
Оның зерттеу пәні– оқытудың мақсаты, мазмұны, заңдылықтары мен принциптері.
Дидактикалық принциптер дегеніміз не?
Дидактика өзінің алдына қойған мақсаттарға жету үшін белгілі бір дидактикалық принциптерге негізделеді.
Дидактикалық принцип - оқу-тәрбие ісінде басшылыққа алынатын педагогикалық қағида ,оқу-тәрбие жұмыстарының заңды жүйесі, оқыту ісінде табысқа жетудің қажетті шарты болып табылады.
Дидактикалық принциптерде оқу бағдарламмасы мен жоспарына, оқулыққа, сабақ пен оқыту әдістеріне қойылатын талаптар белгіленеді. Ол талаптар барлық пәнді оқыту ісінде бірдей басшылыққа алынады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты құрылған.
Информатиканы оқытудың әдіс-тәсілдері
1.әдіс-тәсіл
ОҢ СҰРАҚ
Он сұрақ! Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жабыстырады– қатысушы сыныпқа он сұрақ қоя алады, оқушылар “иә” немесе “жоқ” деп қана жауап бере алады. Осылайша оқушы маңдайында жазылып тұрған сөзді анықтауы керек.