Презентация Тақырыбы: Әр түрлі жастағы әйелдер ағзасының клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері. Таңатар Даниял Топ: 102



бет2/4
Дата03.11.2023
өлшемі0,65 Mb.
#189261
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Физиология №15 Презентация

Балалық шақ кезеңі

Репродуктивті жүйенің функционалдық белсенділігінің аз болуымен көрінеді. Эстрадиол секрециясы аз, фолликулдар жетілуі аз және жүйелі емес, ГнРГ бөлінуі тұрақсыз, жүйелер арасындағы рецепторлы байланыстар толық дамымаған, нейротрансмиттер секрециясы шамалы.

Жыныстық жетілу кезеңі

Бұл кезеңде репродуктивті жүйенің жетілуі ғана емес, әйел организмінің физиологиялық жетілуі де аяқталады: дененің ұзына бойына өсуі, сүйектердің өсу зонасының сүйектенуі болады. Дене бітімі бұлшықет және майдын тіндерге бөлінуі әйел типі бойынша қалыптасады.

Қазіргі уақытта гипоталамикалық құрылым жетілуіне байланысты 3 кезеңге бөледі:

  • Препубертатты 8-9 жас
  • Пубертатты кезеңнің бірінші фазасы 10-13 жас
  • Пубертатты кезеңнің екінші фазасы 14-14 жас

Препубертатты

  • Препубертатты
  • Гонадатропин секрециясының жоғарылауымен көрінеді. Эстрогендер синтезі аз. Дене ұзындығының өсуінде секіріс болады және дене бітімінің феминизациясының бірінші белгілері пайда болады: май тінінің жоғарылауынан белдің дөңгелектенуі, әйел жамбасының қалыптасуы, қынаптың эпителий қабатының санының артуы болады.

Пубертатты периодтың бірінші фазасы

  • Пубертатты периодтың бірінші фазасы
  • ГнРГ, ФСГ, ЛГ күндік ырғақты синтезінің жоғарылауынан аналық бездің гормон синтезі артады. Сүт безінің үлкеюі, жыныс мүшелерінің түктенуі, және қынап микрофлорасында лактобациллалар пайда болады. Бұл кезең дененің ұзына бойына өсуінің тез тоқтауымен сәйкес келетін алғашқы менстурация менархенің келуімен аяқталады.

Пубертатты кезеңнің екінші фазасы

  • Пубертатты кезеңнің екінші фазасы
  • ГнРГ бөлінуінің тұрақты ритмге түсуі, базальды монотонды секреция фонында ФСГ және ЛГ лақтырысы жоғарылайды. Сүт безі және жыныс түктену дамуы, дененің ұзына бойына дамуы тоқтайды, әйел жамбасы толық қалыптасады, менстуралды цикл овуляцияға бейім келеді.

Репродуктивті кезең

  • Репродуктивті кезеңнің барлық уақытында әйел организмінде жүктілікке дайындайтын циклдік өзгерістер болады. Бұны менстуралды цикл деп айтамыз. Орташа ұзақтығы 28 күн. Бұл цикл гипофиздан бөлінетін гонадотропты гормондардың әсерімен бақыланады және жүреді.
  • Аналық бездік және жатырлық циклды ажыратады. Олар бір бірімен өте тығыз өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет