Жұлын түбірлері қызметтері - Белл-Мажанди заңы бойынша, жұлынның артқы түбірлері афферентті
- ал алдыңғы түбірлері – эфферентті жүйке талшықтарынан құралған.
- Сондықтан, алдыңғы түбірлер қозғалысқа, ал артқы түбірлер сезімге жауап береді.Жұлынның кеуде сегменттерінің біріншісінен бастап, алғашқы бел сегменттеріне дейін жұлынның бүйір түбірлерінде симпатикалық, ал сегізкөз сегменттерінде-парасимпатикалық жүйке жүйесі нейрондары орналасады.
ЖҰЛЫННЫҢ ӨТКІЗГІШТІК ҚЫЗМЕТІ ЖҰЛЫННЫҢ ӨТКІЗГІШТІК ҚЫЗМЕТІ Жоғары бағытталған жолдар: - Жұлынды-таламусты жолдар латералды және вентралды жолдарды құрайды. Олар арқылы ауырсыну, ыстық, суық сезімдері, жанасу сезімдері аралық миға жеткізіледі.
- Дорсалды жұлын-мишық жолы (Флексиг), ол арқылы бұлшық ет, сіңір,тері қысымы және жанасу сезімдері өткізіледі.
- Вентралды жұлынды-мишықты жол (Говерс), алдыңғы топтағыдай.
- Жұлын-жамылғыш жол, бұл жол арқылы көру және ауырсыну сезімдеріне байланысты импульстер өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |