ЖАСУШАНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ.
Жасушаның химиялық құрамы – жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы. Жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы органикалық және бейорганикалық қосылыстардан тұрады. Органикалық қосылыстарға: нәруыздар, майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейорганикалық қосылыстарға: су және минералды тұздар жатады. Органикалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.
Достарыңызбен бөлісу: |