ЖАСУША ҚҰРАМЫНДАҒЫ ХИМИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР.
ҚОРЫТЫНДЫ.
Жасушаның химиялық құрамы – жасушаның құрамына кіретін барлық заттардың жиынтығы. Әрбір жасушаның құрамы органикалық және бейорганикалық қосылыстардан тұрады. Органикалық заттарға: нәруыздар, көмірсулар, липидтер жатса, бейорганикалық заттарға: су және минералды тұздар жатады.
Жасуша құрамындағы химиялық элементтер үшке бөлінеді: макроэлементтер, микроэлементтер және ультрамикроэлементтер.
Макроэлементтерге – оттегі, сутегі, көміртегі, азот; мироэлементтерге – мыс, мырыш, хром, никель, т.б; ал ультрамикроэлементтерге – алтын, сынап, радий, торий және т.б. элементтер жатады.
Жасушада тек тірі табиғатқа тән элементтер табылған жоқ. Кез-келген элементтің жетіспеуі ауруға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін, өйткені әрбір элемент белгілі бір рөл атқарады.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |