М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті - Қазақстан Республикасының ірі және көп салалы университеті, аймағымыздың инфрақұрылымының дамуы мен қалыптасуына, халықаралық қоғамдастықтағы интеграция мен жаһандану үрдістеріне белсенді қатысатын ғылыми-білім беру, интеллектуалдық, мәдени орталығы. Университет Қазақстанның оңтүстігіндегі 65 жылдан аса тарихы бар жоғары техникалық және гуманитарлық білім берудің екі үлкен мектебінен құралады. Қазіргі кезде университетте 1461 оқытушы ғылыми-педагогикалық іс-әрекетпен айналысуда.
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетның 80 жылдық тарихында отандық ғылым, білім беру мен өнер дамуына зор үлес қосып жүрген мыңнан астам маман даярлап шығарады.