Аумағы 117 гектарды құрайтын, Қазақстандағы екінші дендросаябақ 1979 жылдан бастап бой көтерген. Ағаштар саны 500 мыңға, шөптесін өсімдіктер саны 1 млн 360 мыңға жеткен. Қала халқы мен қонақтарына демалу үшін таптырмас орын. Барлық үйленген жас-жұбайлардың той алды серуені осы жерден бастау алады. Шымкент дендрология саябағы жер шарының түпкір-түпкірінен жинақталған ағаштарға бай. Көктерек, балқарағай, самырсын және магнолия ағаштарының көшеті егіліп, түрлі 584 өсімдік өсірілуде және де Солтүстік Американың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Мексика Штатынан әкелінген "қасқыр жидегі" ағашы өсуде. Дендрологиялық саябақтың аумағы фаунамен байытылды. 20 тиін, 4 елік пен теңбіл бұғы, 10 тауыс құсы орын салып, аумағы өңдеуден өткен көлге аққу, қаз, үйрек сияқты құстардың 22 данасы мен 20 мың дәумаңдай балық жіберілді.

Қызықты шопинг жасауға, кино көруге, достармен серуендеп, үстел басында әңгімелесіп отыруға ыңғайлы орындардың бірегейлері – Тәуке хан даңғылы бойындағы «Mega Planet» немесе Әл-Фараби алаңындағы «Shymkent Plaza» ойын-сауық сауда орталығы. Mega SHYMKENT-қаламыздағы ең ірі сауда ойын-сауық орталығы. 2007 жылы ашылған орталық Тәуке хан даңғылы мен Қонаев гүлзарының қиылысында орналасқан. Сауда ойын-сауық орталығында 54 бутик, 2900 шаршы метрді алып жатқан гипермаркет, 300 орынға арналған ресторан алаңқайы, 6 кафе және ресторан, балалар ойын-сауық залы, 5 залды кинотеатр, 385 шаршы метр мұз алаңы, 250 көлікке арналған жер асты паркинг жұмыс істеуде.