Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы
3. Лексикологиямен байланысы
Сөзжасам нәтижесінде жасалған туынды сөздер сөздік қорға қосылып, тілдегі басқа сөздер сияқты лексикологияның зеттеу нысанасына түседі. Бұл арада туынды сөздер сөзжасам мен лексикологияның байланысын туғызады. Бірақ сөзжасам мен лексикология сөзді әр тұрғыдан зерттейді. Лексикология тілде бар сөздердің мағыналық ерекшелігін, шығу арнасын т.б. құбылыстарын зерттейді. Сөзжасам болса туынды сөздердің жасалу заңдарын зерттейді.
4. Фонетикамен байланысы
Қосымшалардың дыбыстық варианттары фонетикалық заңдылық негізінде қалыптасқан. Оны морфонология саласы зерттейді. Сонымен бұл арада сөзжасам өзінің жұрнақтарының вариантта қолданылуы арқылы тілдің фонетика, морфология салаларымен байланысатыны анықталды.
Қорытынды
Қазақ тілі бай тілдердің біріне жатады. Тілдің бай лексикасы үнемі толығып, дамып отырған. Жаңа сөздер тілді байытады, сондықтан тілдің сөздік құрамының баюында негзгі қызметті қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол тілде жаңа сөздер жасауды қамтамасыз етеді.
Қорыта келгенде, тілдің сөзжасам жүйесі көне замандардан бері қарай үнемі дамып, күрделеніп, қазір әбден қалыптасқан, бірақ ол даму тоқталады деген сөз емес. Тілдің сөзжасам жүйесі бірден өзгеріп кетпейтін құбылыс болғандықтан, оны біршама тұрақты деп санағанмен, ондағы болып отырған үздіксіз даму, сандық өзгеріс ретіндегі жылдамдық оның әр саласының қызметі әр дәуірде құбылып тұратын жоғарыда анық байқалды. Ұзақ уақыт ішінде өзгерістен өтіп, әбден қалыптасқан қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесі бар, ол өмірде пайда болған барлық жаңа заттарды, жаңа құбылыстарды, жаңа ұғымдарды атауды қамтамасыз етеді, сол үшін қызмет етеді.
http://engime.org
Достарыңызбен бөлісу: |