Сабақтың мақсаты: Білімділігі



бет1/3
Дата01.04.2017
өлшемі3,58 Mb.
#12981
түріСабақ
  1   2   3
Сарсембаева Бахытгуль Шагмановна

Көкшетау қ. № 2 Мектеп – лицейі

бейнелеу өнері және сызу пәндерінің мұғалімі
КИІЗ ҮЙ

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Киіз үй туралы түсінік беру. Киіз үйдің түрлерімен,

құрылылымымен таныстыру. Киіз үйдің суретін кезең бойынша

жазықтық бетінде бейнелеуге үйрету.

Тәрбиелігі: Оқушыларды ұлттық қолөнер туындыларын құрметтеуге,

елжандылыққа тәрбиелеу.



Дамытушылығы: Балалардың ой-өрісін дамыта отырып, пәнге деген

қызығушылықтарын арттыру.



Сабақтың түрі: Аралас.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ жауап, INSERT әдісі.

Пән аралық байланыс: Тарих, әдебиет, сызу, еңбек.

Көрнекіліктері: Киіз үйдің макеті, слайдтар, плакаттар.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Оқулық, сурет дәптері, түрлі-түсті

қарындаштар, өшіргіш, жазба дәптері.


Сабақтың барысы.

I . Ұйымдастыру .

II. Үй тапсырмасын тексеру. «Кім жылдам ?» ойыны.

Өтілген сабақ бойынша сұрақтар қойылады.



III. Жаңа сабақ.

1. Киіз үй деген не ?

2. Киіз үйдің түрлері ?

3. Киіз үйдің құрылымы ?






Киіз үй дөп-дөңгелек.

Жыққан кезде он бөлек,

Тіккен кезде топ етіп.

Қона қалар дөңге кеп,

Көшіп-қонып үнемі,

Көк жайлауда жүреді.

1.Киіз үй деген не ?

Киіз үй сонау ежелгі заманнан бері көшпелі тайпалардың баспанасы болып келеді. Оның арғы тегі арба үстінде орналасқан күйме үй. Ол көбіне жел өтінен қағаберіс, шаңы шығып кетпейтін көк майса тегіс жерге тігіледі.


Киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекені, баспанасы ғана емес, ол сәулет, құрылыс, сурет, қолөнер сияқты бірнеше өнердің басын құрайтын ғажайып мақтан тұтатын өнер туындысы.

Киіз үйдің қазақ даласында пайда бола бастауының өзіне 3000 жыл уақыт өтті. Оның «Киіз үй» аталу себебі сырты киізден, ішіндегі бүкіл тұрмыстық бұйымдардаң барлығы киізден жасалған.

Киіз-үй аптап ыстық шілдеде сая, ызғырық суықта баспана болуын қамтамсыз етеді.Сондай-ақ дөңгелек киіз үйдің ішіндегі ауа тез алмасып, тазарып отырады.

Астрономиялық тұрғыдан алғанда киіз үйдің сыртқы көрінісі жарты шар болып көрінетін, шаңырақтан төмен салбырап тұрған айды және алып жерге сәулесін шашып, жылуын беріп тұрған күнді нұсқайды.

Киіз үй шеңберлене құрастырылатын бірнеше керегеден, оның үстінен күмбез еңсесін құрайтын уық пен шаңырақтан тұрады. Киіз үйді бір-біріне жалғастыра тігіп, бірнеше бөлме жасауға болады.

Киіз үйдің тамаша желдеткіш «терезелері»бар. Ол-көлеңке жақтан түрілетін ірге, күннің жылуына қарай ашылып отыратын –түндік.

Түндік-күннің суығында мұржа қызметін атқарады.

2. Киіз үйдің түрлері:

Киіз үйдің қазақы және қалмақы деген екі түрі бар.

Қазақы үй- дөңгелек, толық күмбезді.

Қалмақы үй-төбесі шашақтау келген.

Қазақы үйлер пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

1. Қара үй-3 қанатты.

2. Қоңыр үй-4 қанатты.

3. Боз үй-5 қанатты.

4. Ақ орда-6 қанатты.

5. Ақ ала орда-8 қанатты.

6. Алтын үзік-12 қанатты.

7. Алтын орда-18 қанатты.

Киіз үйдің іші 4 бөлмеге бөлінген:

1.Төр-мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Бұл киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны.

2. Кіргенде оң жақ- үй егесінің отыратын, жататын орны. Оны шимен жауып қояды.

3. Кіргенде сол жақ-балалар орналасады. Босағаға жақын ер тұрмандар, киімдер ілінеді.

4.От орны- қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылып, қазан асылады.

3. Киіз үйдің құрылымы:

Киіз үйдің құрылымы 3 бөліктен тұрады:

1. Киіз үй сүйектері (ағаштан тұратын бөліктері).

2. Киіздері (ши де осыған кіреді).

3. Бау-құрлар (баулар мен басқұр, арқандар).

Киіз үйдің қаңқасы:

Киіз үйдің қаңқасы шаңырақ, кереге, уық, сықырлауықтан тұрады.



Шаңырақ-киіз үйдің қасиетті, еңсесін ұстап тұратын күмбезі.

Шеңбер түріндегі шаңырақтың қақ ортасы қосу белгісі сияқты бір-бірімен айқасқан. Бұл бір жағынан шаңырақтың беріктігін қамтамассыз етсе, екінші жағынан төрткіл дүниені төрт бөлікке тең бөлген. Сондай-ақ шаңырақ күн сағатының қызметін атқарған.



Шаңырақтың суреті көрсетіліп, елтаңбамыздың құрылысы, түстік шешімі талқыланады.



Шаңырақ-киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет