IV. Практикалықжұмыс.
4 кезең бойынша балалар сурет дәптерлеріне киіз үйдің суретін салады.
Балаларға түсінікті болуы үшін киіз үйдің салыну кезеңдері слайдтар арқлы көрсетіліп, тақтада салынып көрсетіледі.
Оқушылар киіз үйдің сызықтық суретін салу барысында мұғаліммен бірге сурет дәптерлеріне кезең бойынша орындайды.
Киіз үйдің салыну кезеңдері:
1 кезең-қағаздың ортасын табу.
2 кезең-орналастыру.
3 кезең-сызықтық суретін толық
бітіру, артық сызықтырын өшіріп,
бояуға дайындау.
V.Сергіту сәті.
«Жалғасын тап !» ойыны. Өнерге байланысты мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Ақыл көпке жеткізеді
Өнер көкке ................
Өнерлі жігіт өрге озар
Өнерсіз ...........................
Өнерлі жан елдің көркі
Үкілі .............................
VI. Қорытынды кезең.
Өтілген сабаққа қорытынды жасау екі кезең бойынша жүргізіледі.
INSERT әдісі.
Білемін
|
Үйрендім
|
Білгім келеді
|
Киіз үй деген не
Киіз үйдің түрлері
Киіз үйдің құрылымы
Киіз үйдің бөлмелері
|
Киіз үйдің сыртқы көрінісін 4 кезең бойынша жазықтық бетінде суреттеуді;
|
Киіз үйдің ішкі көрінісін салуды;
Киіз үй ішіндегі сәндік қолданбалы өнер туын- дыларымен танысып, оларды суреттеуді;
Тұрмыстық сәндік қолданбалы өнер туындыларымен танысу;
|
Өтілген сабаққа байланысты 2 түпнұсқамен құрастырылған 5 сұрақтық тест алынады.
1- нұсқа
1.Қазақы үй қандай болады?
а дөңгелек, толық күмбезді
ә шошала тәрізді, шаңырақсыз
б киіз үй төбесі шошақтау келеді
2. Қара үй неше қанатты болады ?
а 5 қанатты ә 4 қанатты б 12 қанатты
3. Шаңырақты жауып тұратын киіз қалай аталады ?
а түндік ә белбау б шаңырақ жапқыш
4. Кереге мен шаңырақты ұстастырып тұратын ағаш қалай аталады ?
а кереге ә уық б сықырлауық
5. Киіз үйдің күн суығанда мұржа қызметін атқаратын бөлігі
а түндік ә есік б уық
2 – нұсқа
1. Алтын орда қанатты киіз үй ?
а 8 қанатты ә 18 қанатты б 6 қанатты
2. Киіз үй іші неше бөлікке бөлінген ?
а 3 ә 1 б 4
3. Киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайтын сүйегі
а шаңырақ ә уық б кереге
4. Ішкі есік неден жасалады ?
а киізден ә ағаштан б шиден
5. Киіз үйдің ішіне сырттан құрт-құмырсқа, жәндіктерді кіргізбейтін бөлшегі
а кереге ә ши б сықырлауық
Тест қорытындысы бірін - бірі бағалау әдісі арқылы бағаланады.
INSERT әдісін тақтада, оқушылар дәптерлеріне орындап болған соң мұғалім өзі өтілген жаңа сабаққа слайдтар және тест сұрақтары арқылы қорытынды жасайды.
VI. Үйге тапсырма.
Оқулықтан «Киіз үй» тақырыбын оқып келу.
Салынған суреттің 4 кезеңін үйден толықтырып аяқтап келу және кескіндемелік суретті аяқтап келу. (Киіз үйдің сыртқы көрінісін түрлі түсті қарындаштардың көмегімен бояп, аяқтап келу).
Көкшетау қаласы.
Достарыңызбен бөлісу: |