Декор үлкен роль атқарады. Декор – киімді сәндейтін элементтер жиынтығы, көркемдік жүйе. Декорға жататындар: матамен безендіру, декоративті және конструктивті сызықтарды пайдалану, безендірудің әр түрлері (бисермен, моншақтармен, тастармен), фурнитуралар, матадағы оюлар, фактуралардың орын алмасуы және т.б. Декоративті элементтер киімнің образдық сипатын айқындайды, киім стилінің, пішін конструкциясының және құрамдас бөліктерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Безендіру сипаты мен материал өңдеу тәсілдерінің маңызы зор. Оюлы суреті бар мата киімге пішін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, оны көзбен көріп қабылдауға ықпалын тигізеді: ерекше бөліктеріне назар аудартады, костюмнің әртүрлі детальдарының назарға ілінуін реттейді, пішінді толық көзбен қабылдауды жүзеге асырады. - Декор үлкен роль атқарады. Декор – киімді сәндейтін элементтер жиынтығы, көркемдік жүйе. Декорға жататындар: матамен безендіру, декоративті және конструктивті сызықтарды пайдалану, безендірудің әр түрлері (бисермен, моншақтармен, тастармен), фурнитуралар, матадағы оюлар, фактуралардың орын алмасуы және т.б. Декоративті элементтер киімнің образдық сипатын айқындайды, киім стилінің, пішін конструкциясының және құрамдас бөліктерінің ерекшеліктерін көрсетеді. Безендіру сипаты мен материал өңдеу тәсілдерінің маңызы зор. Оюлы суреті бар мата киімге пішін қалыптастыруда үлкен роль атқарады, оны көзбен көріп қабылдауға ықпалын тигізеді: ерекше бөліктеріне назар аудартады, костюмнің әртүрлі детальдарының назарға ілінуін реттейді, пішінді толық көзбен қабылдауды жүзеге асырады.
- Ою костюмге және оның жеке құрамдас бөліктеріне тұйықталмаған фрагмент сипатын береді немесе әрбір жеке бөліктің айқындалуын қамтамасыз етеді, костюм пішінінің толық конструктивтік логикасын анықтайды. Сондықтан, оюлы тоқыма материалдарымен коллекция құрғанда, костюм пішінін көзбен қабылдауда силуэттік және кеңістік сипаттамаларының ерекшеліктері есепке алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |