Презентация тақырыбы:Ұлттық мәдениет және мода орындағАН: Сейтбекова А



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі6,56 Mb.
#84711
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Эссе

Қазіргі кездері киім үлгісін модельдеуде киімнің стильді дәстүрлі элементтерін пайдалануда кейбір шарттылықтар қолдау табуда. Алғашқы кездері қабылданылуы қиын киімнің жаңа пішіндері, көз үйренгеннен кейін бірте-бірте эстетикалық дұрыс пішіндер қатарына еніп кетеді. Этнографиялық костюмге тән киім пішінінің құрылымы, оның силуэті, оюлар сипаты қазіргі заманғы көптеген киім үлгілерінің негізін құрайды. Этнографиялық костюмдерге қарапайымдылық, ыңғайлылық, жинақтылық, пайдалылық, жеке элементтері мен компоненттерінің бір-біріне үйлесімділігі тән. Сонымен қатар, силуэт сызықтарының ырғақтылығын келтірудегі түстер шешімі, табиғи түстердің үйлесімділігі маңызды роль атқарады. Костюмнің эстетикалық шешімі, біртұтастығы, формаларының көптігі, декоративті безендірілуі оған өзіндік жарасымдылық береді.

  • Қазіргі кездері киім үлгісін модельдеуде киімнің стильді дәстүрлі элементтерін пайдалануда кейбір шарттылықтар қолдау табуда. Алғашқы кездері қабылданылуы қиын киімнің жаңа пішіндері, көз үйренгеннен кейін бірте-бірте эстетикалық дұрыс пішіндер қатарына еніп кетеді. Этнографиялық костюмге тән киім пішінінің құрылымы, оның силуэті, оюлар сипаты қазіргі заманғы көптеген киім үлгілерінің негізін құрайды. Этнографиялық костюмдерге қарапайымдылық, ыңғайлылық, жинақтылық, пайдалылық, жеке элементтері мен компоненттерінің бір-біріне үйлесімділігі тән. Сонымен қатар, силуэт сызықтарының ырғақтылығын келтірудегі түстер шешімі, табиғи түстердің үйлесімділігі маңызды роль атқарады. Костюмнің эстетикалық шешімі, біртұтастығы, формаларының көптігі, декоративті безендірілуі оған өзіндік жарасымдылық береді.
  • Этнографиялық киімдердің эмоционалдық-көркемдік образы дизайнерлерді қазіргі заман костюмдерін модельдеуде жаңа технологияларды, тәсілдерді, тоқыма өнеркәсібі ұсынған жаңа маталарды пайдалануға итермелейді. Этнографиялық костюмнің тиімділік қағидаларын, композициялық жетістіктерін сақтай отырып, жаңа технологиялар мен технологиялық әдістерді пайдаланып, қазіргі заманға лайықты костюм модельдерін жасау – қазіргі модельерлердің басты міндеті болып табылады. Халық мотивімен шешілген қазіргі заман костюмінің көркемдік шешімі заман талаптарына сай болуы тиіс. Этнографиялық костюмдерді зерттегенде, оның пластикалық байлығын, пропорциялық қатынастарының дұрыстығын, түстердің шешімін, фактуралық көпжақтылық пен ритмдер байлығын көріп-сезе білу қажет. Тек мұқият түсініп зерттеу арқылы ғана суретші қазіргі заман костюмінің ерекше үлгісін жасай алады. Мұнда қайталау немесе өткен үлгіден көшіру болмауы тиіс, тек этнографиялық киімді еске салатындай болуы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет