Көрсетуге арналған киімді модельдеуде суретші-дизайнер бірінші кезекте оның эстетикалық жағына басты назар аударады, оған қойылатын тұрмыстық талаптар екінші кезекте, яғни, киімнің тұрмыстағы қажеттілігі, ыңғайлылығы назардан тыс қалады. Сондықтан, көрсетілуге арналған костюм ерекше пішінде болуы мүмкін. Киім пішіндерінің өзгеруі адамның жаңалыққа ұмтылуынан, оның эстетикалық қажеттілігінен, сонымен қатар, моданың жалпы дамуымен байланысты болады .

Қазіргі кездері моданың біртектілігі мен бірлігі аралас стильдерге орын берген, мұнда халық костюмінің өзіндік ерекшелігін көрсететін этникалық мотивтер мен тәсілдер бір-бірімен үйлесімін тапқан. Алдыңғы қатарлы дизайнерлердің коллекцияларында ұлттық стильде дайындалған модельдер көптеп кездеседі. Киімдерде қазіргі заман мен болашақтың элементтері байқалады. Ұлттық өнердің әлемнің тарихи-мәдени үлгілерін пайдаланбай дамуы мүмкін емес. Халық шығармашылығы өзінің бастауын көне дәуірден алады. Өздерінің ұлттық киімге қызығушылығын негізінен аға буын өкілдері сақтаған .Керісінше, жастарда ұлттық киімге сұраныс онша жоқ. Сондықтан, қазіргі заман модельерлері ұлттық дәстүр мен заманауи костюмдердің гармониялық үйлесімділігін қамтамасыз ете алатын жаңа үлгілер іздестіруде.