Презентация тақырып: Ірі қан тамыр аневризмасының визуальды диагностикасы. Доплерография, жұмыс принциптері. Науқастарды зерттеуге дайындау



бет2/5
Дата28.02.2023
өлшемі0,61 Mb.
#170452
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
сд Дамир Нуртилеу Даурен

Патологиялық анатомиясы

  • Патологиялық анатомиясы
  • Патологиялық анатомиясы. Аорта қабырғасындағы патологиялық немесе диффузды кеңейуі аорта қабырғасындағы құрылымдық бұзылыстардың нәтижесі болып табылады. Атеросклероз кезінде тамырдың бұлшық етті қабаты липоидоз түрінде, атероматозда эластикалық және коллаген мембранасының некрозды және дистрофиялық зақымдалуы байқалады. Гистологиялық зерттеу кезінде тамырдың ортаңғы мен адвентиция қабаттары жұқарып, интимасы керісінше атрематозды масса мен табақшалар есебінен қалындайды. Тамыр қабырғасының эластикалық қасиеті толық бұзылады. Аневризма қабырғасын ішінде фибрині бар жаңадан түзілетін тін құрайды.
  • Клиникалық көрінісі
  • Аневризмалардың клиникалық көрінісі оның орналасуы мен мөлшеріне байланысты болды. Кеуде аортасының аневризмасындағы клиникалық белгілер оның көкірекаралық тіндер мен қоршаған мүшелерді ығыстыру факторына тәуелді. Мұндай кезде науқастар кеуде клеткасының жоғарғы бөлігіндегі төс артындағы ауырсынуға шағымданады. Ол аорта қабырғасындағы нерв өрімінің кеңуіне байланысты. Стенокардиядан айырмашылығы аурсыну интенсивтілігі төмен, біртіндеп басталып, біртіндеп тоқтайды және нитроглицеринге басылмайды. Ал аортаның төменгі бөліміндегі аневризма кезінде аурысынулар наркотиктармен де басылмауы мүмкін. Кеңірдек пен бронхтардың аневризмамен ығысуына байланысты жиі ентігу байқалады. Тыныс жолдарын көп мөлшерде ығыстырса науқастар мәжбүрлік жағдайда бүйіріна басын жоғарлатып жатады.

Сонымен кеуде аорта аневризмасы жүрек тұсындағы ауырсынумен, ентігу, дауыстың қырылдауы, объективті белгісі аортаның жетіспеушілігіндей. Құрсақ аортасының аневризмасында – іш және бел аймағында периодты ауырсынулар болып, пульсацияның сезілуі, сонымен қатар пальпацияланатын пульсация омыртқаның сол жағы мен кіндік аймағында және одан жоғары, сол тұстан систолалық шу естіледі.
Клиникалық ағымы бойынша құрсақ аорта аневризмасының келесі түрлерін ажыратады: асқынбаған, асқынған (жыртылуы) және ажырауы. Құрсақ аорта аневризмасының ағымы үнемі өршумен болады. Көптеген авторлардың мәліметтері бойынша операция жасалмаған науқастарың, диагноз қойылғаннан кейінгі алғашқы 1-2 жыл ғана өмір сүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет