Бактериологиялық әдіспен таза дақылын бөліп алып идентификациялайды. Қолданылатын арнайы қоректік орта – шоколадты немесе қанды агар. Гемофилді таяқшаны басқа грам теріс туыстастығы бактерияларынан Х- және V өсу факторларына тәуелділігі, қанд агардағы гемолиздің болмауы және басқа да тесттер арқылы ажыратылады.

Емдеуі. Гемофилді таяқша тудырған инфекцияларды емдеуге бетта-лактамды антибиотиктер қолданады: цефалоспориндердің ІІІ- ұрпағына жататын препараттар және клавулан қышқылды амоксициллин немесе бисептол.
Алдын алу. Әртүрлі вакциналар қолданылады. Олардың құрамында міндетті түрде RPR-антигені болу қажет. Дегенмен вакцина қолдану бактерия тасымалдаушылықтан қорғамайды.
Қолданылған әдебиеттер
Медицналық микробиология, Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының редакциялауымен шығарылған, Алматы, 2011ж;