P. aeruginosaға келесі белгілер тəн: Грамтеріс, тіке немесе сəл иілген, шеттері дөңгелектенген таяқшалар, ұзындығы 1,5-3,0 мкм, ені 0,5-0,8 мкм, барлық анилин бояғыштармен боялады. Жұғындыларда бір-бірлеп, жұптасып немесе тізбек тəрізді орналасады. Əдетге қозғалмайды (монотрих немесе лофотрих). Спора жəне капсула түзбейді, аэробты.
04
05
06
01
02
03
Дақылдандырылуы. Өсу температурасы 6°С дан 45°С дейін, оптимумы 37°С, рН 7,2-7,5 , 42°С та да жақсы өседі. Қоректік орта таңдамайды, ЕПА- да, ЕПС- да жақсы өседі. Сорпада бір тəуліктің ішінде көк-іріңді таяқшалар бірқалыпты лайланып, бетінде сұр қабықша пайда болып, тұнба түзбейді. ЕПА-да бір тəулікте үлкендеу (3-5 мм) жартылай мөлдір, сұр түсті өзіне тəн (жасмин)иісі бар колониялар түзбейді. Колониялалардың шеттері тегіс, ортасы қаралау болып келеді.
Ферменттік белсенділігі. Глюкоза қышқылын, галактозаны, арбинозды, кселозды ыдыратады. Индолды ыдыратпайды. Цитохромоксидазаны синтездейді. Күкірт сутекті әлсіз түзеді. Протеолитикалық белсенділігі жоғары, желетинді сұйылтады. Сахаролитикалық белсенді емес, бактерия тек қана глюкозаны қышқылдандырады. Қанды агарда бета-гемолиз түзеді. Антагопистикалық әсер көрсетіп, пиоцианазды өндіреді. Пиоцианаз – антибиотик зат, оны 1889 жылы алғаш рет Р. Эммерих тапқан.
- Антигендік қасиеттері. Көк іріңді таяқша О және Н антигендерімен қолданылады. О антигені соматикалық спецификалық топ, ал Н-антигені спецификалық типті кірпікшелі. О антиген комплексі – агрегатты ЛПС белоктармен, клетка қабырғасының липидтері, эндотоксинді қасиеті бар, патогенді факктордың негізгісі болып табылады. Н-антигенінің тек тірі, қозғалмалы бактерияларда болатын 15 түрі белгілі.
- Резистентілігі. Көк іріңді таяқша қоршаған орта факторларына төзімді болып келеді, сондықтан топырақта, суда, бөлмелерде ұзақ уақыт бойы, әсіресе шаң-тозаңда ұзағырақ сақталады. Көк іріңді таяқша сұйық ортада 60 С қыздырғанда 15 мин кейін өледі. Ең қолайлы дезинфекциялық құрал болып 2% карболды қышқылының ерітіндісі болып табылады. 1 сағатта полимиксин, неомицин қосылған дезинфекцияда 60С температурада өледі. Көк іріңді таяқша фурацилин ерітінділерінде көп сақталады. Кебуге, ыстық температураға, хлор қосылған заттарға өте сезімтал болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |