Қоздырғыштың көк іріңді деп аталуы көк іріңді инфекциямен зақымданған ауру адамның іріңі мен жараны орған дәкесінің түсі көк-жасыл болып келуіне байланысты. Сұйық ортада оны аз мөлшерде хлоформ қосу арқылы анықтайды. Диагностиканың негізгі тәсілі болып бактериялогиялық әдіс табылады. Көпшілік штаммалар пиоцианин пигментін түзеді, ол бейтарап немесе сілтілі ортада көк түске боялса, қышқыл ортада қызыл түс береді.
Науқастарды емдеу үшін карбенцилин және полимиксин антибиотиктері қолданылады. Емдеу қатаң дәрігердің қадағалауымен жүріп отырады. Көк іріңді таяқшаны емдеу шаралары комплексті және ұзақ болуы қажет. Жергілікті және жалпы ем қолданылады. Ең негізгі емдеу жолы – антибиотикотерапия. Емделу 10-14 күннен кем емес. Негізінен арнайы вакцина жоқ. Негізгі профилактика асептика шараларын сақтау болып табылады.