Морфологиясы. Гемофилдер плеоморфизмге ие: ұсақ, грам теріс, сфералық, сопақша немесе таяқша тәрізді бактериялар. Гемофилді бактериялар қозғалмайды, спора түзбейді, пили немесе фимбриялары бар. Штамдарының бір бөлігі полисахаридті капсула түзеді. Капсула түзуі тұрақты белгіге жатпайды, дегенменен оның анықталуы штамның вируленттілік маркері болып табылады. - Морфологиясы. Гемофилдер плеоморфизмге ие: ұсақ, грам теріс, сфералық, сопақша немесе таяқша тәрізді бактериялар. Гемофилді бактериялар қозғалмайды, спора түзбейді, пили немесе фимбриялары бар. Штамдарының бір бөлігі полисахаридті капсула түзеді. Капсула түзуі тұрақты белгіге жатпайды, дегенменен оның анықталуы штамның вируленттілік маркері болып табылады.
- Дақылдандыру. Гемофилді бактериялар – факультативті анаэробтар, бірақ аэробты жағдайдажақсы өседі. Барлық түрлері қоректік орта құрамында өсу факторлары ретінде қанды қажет етеді. Себебі гемофилдер тыныс тізбегі ферменттерінің құрамына кіретін гемді және тотығу тотықсыздану ферменттерінің кофакторлары болып келетін НАД түзе алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |