Презентация№11 Өнер философиясы Құрастырған: философия ғылымдардың докторы, профессор Мирзабекова А. Ш. Қарағанды



бет5/13
Дата14.04.2023
өлшемі1,75 Mb.
#174510
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дәріс 11 Өнер философиясы

Аристотель (б.д.д.
384-322жж. )

Христиандық ортағасырлық өнер


Батыс еуропалық ортағасырлық көркем сананың ерекшелігі – азапкер адамның кейіпі. Өнер сюжеттері қарапайым адамның, қайыршының, елкезбенің азап шегуімен байланысты.
Ортағасырлық өнер Құдайдан берілген нұрлану ретінде түсіндірілген, діни сипатта болған.
Сәулет өнерінде екі негізгі стиль қалыптасты: романдық ((X-XII ғғ.) және готикалық (XII-XVI ғғ. Романдық стильдің ерекшелігі —оның аласа, тапал, салмақты сипатында. Үйлердің негізгі типтері серілердің қамалы, монастыр жүйесі, шіркеу болған.
Готика стилі құдайға табынушылықты білдіріп, жоғарғы құдіретті күшке, мәңгілікке бағытталған. Сондықтан готика стиліндегі негізгі ғимарат - көпшілік жиналатын шіркеу, яғни «собор» - болған. Собор – қаланың қоғамдық өмірінің орталығы болатын. Ол Христос патшаның жоғарғы билігінің көрінісі ретінде танылған.
Шартрдағы собор (XII-XIV ғғ.),
Романдық стиль
Қасиетті азапкер әулие Меркурий (III ғ)

Аврелий Августиннің әдемілік туралы тұжырымдамасы


Августин Құдайды абсолютті әдемілік ретінде түсінеді. Құдай дүниені сұлулық пен парасат-тылық тәртіп заңдары бойынша жаратқан.
«Әсемдік және соған сәйкестік» атты еңбегінде Августин адам жанының әсемдігі ізгілікте көрініс береді және игілікпен ажыратылмас байланысты дейді. Августин, Аристотельдің іліміне негізделіп, әсемдіктің негізгі белгілерін - форма, тәртіп, ұйқастық пен бірліктен - көреді.
Августиннің ілімі бойынша, әсемдікті қабылдаудың негізгі жолдары - құлақпен есту және көзбен көру
Августин Аврелий
(354-430 жж.)

Августиннің өнер философиясы


Августин аспандағы Жоғарғы суреткер Құдайдың шығармашылығы мен жер бетіндегі суреткер шығармашылығының ұқсастығын көрсетеді.
Христиандық өнер, бір жағынан, Құдайдың даңқын, атын шығарады, екінші жағынан, адамды Құдай берген қағидаларға - сүйіспеншілікке, ізгілікке, әділдікке, қайырымдылыққа шақырудың тиімді тәсілі ретінде қызмет атқаруы керек.
Августиннің пікірінше, адамның ақыл-ойы өнерді шығару жолына сөзден бастап құлақпен естуге, естуден көзбен көруге, грамматикадан - диалектика мен риторикаға, әрі қарай - музыка мен поэзияға жетеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет